Қарағанды облысында дүлей желден жолаушыға лық толы автобус аударылып қалды
Елдің орталық және шығыс өңірі ақтүтек бораннан екі күннен бері көз ашпай жатыр. Алыс жолға шықпауға ескерту жасағанымен, оны елемей жолда шығып қарға батқандарды құтқарушылар аршып әбігерге түсті.
Автор: Саят Сабдалы
10.02.2017
Әсіресе, Шығыс Қазақстанда көмек сұрап хабарласқандардың саны артқан. Бір түнде «Семей- Алматы» бағытындағы тас жолда қар құрсауынан 60-тан астам көлік шығарылды. Олардың арасында 25 жолаушы мінген автобус пен ауыр науқасқа жете алмаған жедел жәрдем көлігі де бар. Ал Қарағанды облысында екі күн бойы соққан дүлей желден 20 жолаушысы бар автобус аударылды. Қайта ешкім қатты жарақат алмаған. Боран кеше тіпті Қарағандыда аялдамаларды аударып, көпқабатты бір үйдің шатырын зақымдады. Қала шетіндегі үйдің қаңылтырмен қапталған шатырының 300 шаршы метр жерін дүлей жел жұлып әкеткен. Құдай сақтап, тұтастай ауланың ортасына түскен шатырдан ешкім зардап шеккен жоқ.
Дулат Дүйсенов, Қарағанды қаласының тұрғыны:
- Бірінші емес мұндай жағдай, жел сайын ұшырып әкетеді. Бұған кімді кәнәлаймыз енді, істейміз өзіміз. Құдайдың желі ұшырып әкеткен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!