Ақтөбеде бастауыш сынып оқушысын дене шынықтыру пәнінің мұғалімі зорламақ болған
Қазір оған қатысты қылмыстық іс қозғалыпты.
Автор: Жаңалық Ахаш
21.02.2017
Бұл оқиғаны естіген №16 мектеп мұғалімдерінің өзі таңқалып отыр. Өйткені мұнда оқу жылының басында ғана келген жас маманнан мұндай сорақылықты күтпеген. Директор болса, 23 жастағы жігітті қызыл дипломына қызығып жұмысқа алғаннын айтады. Дегенмен, тәртіп сақшыларына сегіз жасар қыздың ата-анасы шағым түсірді. Олар ағайының оқушыға арам оймен тиіскенін жайып салыпты. Әйтсе де, педофилден жәбір көрген жеткіншек мектепке келіп жүр. Оны мектеп психологтары бақылауға алыпты.
Әліби Латып, №16 мектеп директоры:
-Ата-аналардың бірінің мұғалімнің үстінен арыз түсіргенін білеміз. Оны сол күні тәртіп сақшылары тергеуге алды. Қазір оқытушы қызметінен аластатылды. Енді одан әрі не болатыны тексеру қортындысына байланысты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!