Жалған кәсіпкерлікпен айналысқандардың қылмысы терроризммен теңестірілуі мүмкін
Елімізде жалған кәсіпкерлікпен айналысқандардың қылмысы терроризммен теңестірілуі мүмкін. Бас прокуратура салық төлеуден қашып, алаяқтық жолмен пайдаға кенеліп жүргендердің жазасын қатаңдатуды ұсынды.
Автор: Жәудір Оразхан
10.03.2017
Өйткені, еліміздегі көлеңкелі бизнесті қорғаштап отырғандардың көбі лауазымды адамдар екен. Мәселен, былтыр жалған кәсіпкерлік пен контрабанданы тұрақты лобби жасап келген жоғары қызметтегі 50 азаматқа қатысты іс тіркелген. Салдарынан қазынаға 7 миллиардтан астам шығын келіпті. Сондақтын, прокурорлар заңсыз бизнес ашып, қаржы пирамидасын құрғандарға жазаны қатаңдату қажет деп отыр. Ол үшін Қылмыстық кодекске бірқатар өзгеріс енгізу керек. Қазір жалған кәсіпкердің мемлекетке келтірген шығыны 42 миллион теңгеден аз болса, әкімшілік жазамен құтылады екен. Ал Салық кодекісіне, прокурорлар керісінше, жеңілдік жасауды ұсынды. Яғни, заңды түрде кәсіп ашқан адам білместіктен немесе байқаусызда салық төлемесе, қылмыстық жазадан босатылуы мүмкін.
Марат Ахметжанов, ҚР Бас прокурорының орынбасары:
- Жұмыс жасап жатқан кәсіпкерлер бірінші салық төлемей, сол дәлелденіп жатса, өзі соны мойындап, өзі төлеп жатқан кезде, сол кезде оны қылмыстық жауапкершіліктен бостауға мүмкіндік бар. Өйткені басқа кеден саласында сондай нормалар бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!