{metadescription}
Ақтөбе облысында бүлдіршінді балабақшада күйдіріп алған тәрбиеші жұмыстан қуылды
Ақтөбе облысында бүлдіршінді балабақшада күйдіріп алған тәрбиеші жұмыстан қуылды

Ақтөбе облысында бүлдіршінді балабақшада күйдіріп алған тәрбиеші жұмыстан қуылды

Ақтөбе облысында екі жасар сәбиді балабақшада күйдіріп алған тәрбиеші жұмыстан қуылды. Ол ұйықтап жатқан балаларды қараусыз қалдырған.

Соның кесірінен кішкентай Нұрай төсегінен құлап, аяғын жылу құбырына қыстырып алған болатын. Ал шырылдап жылаған бөбекке ешкім көмекке дер уақытында келмеген. Ақыры екі жасар қыздың аяғы күп болып ісіп, терісі үлбіреп түсіп қалады. Қазір ол облыс орталығындағы балалар ауруханасында ем алып жатыр. Осы оқиғаға байланысты тексеру жүргізген комиссия Бөгетсай ауылындағы балабақша меңгерушісін де жазасыз қалдырмады. Бірақ, әзірге қатаң сөгіспен шектеліпті.

Әмина Нұрманова, Ақтөбе облыстық Білім басқармасының бас маманы:

-«Бөбекжай» балабақшасында болған оқиғаға меңгерушіге қатысты қатаң сөгіс берілді. Тәрбиешісі орнынан босатылды. Қауіпсіздік мақсатында жылу батареялары қоршалған. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде