{metadescription}
Атырау облысында бутигін  адыраспанмен аластаған жігіт тірідей жанып кете жаздады
Атырау облысында бутигін  адыраспанмен аластаған жігіт тірідей жанып кете жаздады

Атырау облысында бутигін адыраспанмен аластаған жігіт тірідей жанып кете жаздады

Атырау облысында  жас жігіт жұрттың көз алдында қызыл жалынға оранды. Оқиға Құлсарыда болған. Жергілікті базарлардың бірінде сатушы болып істейтін азамат бутигін пәле-жаладан түтінмен аластаймын деп, ауруханадан бір-ақ шықты.

Бутигін аластап болған соң ырымшыл жігіт қолындағы бықсыған шөпті қоқыс шелегіне тастай салыпты. Ал, ол одан әрі жана бастаған. Мұны көрген сатушы шелекті ала сап далаға жүгіргенде, сүрініп құлап, үстіндегі киіміне от тиіпті. Зардап шеккен азамат қазір аудандық аурухананың жан сақтау бөлімінде жатыр. Денесінің 30 пайызын күйік шалған екен. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде