Биыл шегірткемен күреске 1 жарым миллиард теңге жұмсалады
Қыруар қаржыға Ауыл шаруашылығы министрлігі 1 млн 570 мың гектар алқапты алдын-ала өңдеп шықпақшы.
Автор: Азамат Алдоңғаров
05.04.2017
Ақшаның басым бөлігін шенеуніктер Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облысына бөлген. Өйткені, былтыр бұл өңірлерде зиянкестер піскен егінді жайпап өткен болатын. Сөйтіп шаруалар миллиондап шығынға батты. Ал өткеннен сабақ алдық деген министрлік биыл зиянкестердің еркінсуіне жол бермейтіндіктерін айтады. Оның үстіне, қазір шегірткелер дамудың алғашқы кезеңінде. Яғни жер бетіне толық шыға қоймады. Бірақ мамыр айында тіріліп, жаппай жорыққа шығуы мүмкін.Сондықтан министрлік қазір техника мен дәрі-дәрмегін сайлап, қанаттылармен күреске дайын отыр.
Ержан Ақылбеков, ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы:
-Ауа райына байланысты бәрі. Күн жылынп, шегірткелердің дернәсілдері жерге шықса анықтаушыларымыз дайын тұр. Былтырғыдай келеңсіз жағдай болады деп ойламаймын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!