{metadescription}
 ЭКСПО қарсаңында  ұшты күйлі жоғалған астаналық қаңғыбастар Көкшетаудан табылды
 ЭКСПО қарсаңында  ұшты күйлі жоғалған астаналық қаңғыбастар Көкшетаудан табылды

ЭКСПО қарсаңында ұшты күйлі жоғалған астаналық қаңғыбастар Көкшетаудан табылды

Астаналық қаңғыбастар жаппай Көкшетауға көшіп кетті. Айтуларынша, арнайы автобусқа тиеп, осында алып келген. «Елордалық» деген аттан айрылған үй-күйсіздерді енді тұрғындар тұрмақ, жергілікті қаңғыбастар да жақтырып жатқан жоқ. Өйткені, нанға нағыз талас басталған. Ал бас қаладан жер ауып кеткендер өздерін ЭКСПО қарсаңында қуып жіберді деп өкпелеп отыр. 

Қазір Көкшетау көшелерінде астаналық қаңғыбастар қаптап кеткен. Қаладағы кез-келген қоқыс жәшігінің маңынан тағам терген елордалық тұрағы жоқ адамды кездестіруге болады. Көбі үйлердің маңындағы жасыл желек, ағаштың түбін демалатын орынға айналдырып алған. Міне, әрқайсысы әр жерде домалап ұйықтап жатыр. Кез-келгенін оятып сұрасаңыз, «Есілдің сол жағалауынан көшіп келдім» дейді. 

Николай Сокол, қаңғыбас:

-Бізді Астанадан алып келді. 15 адам. ЭКСПО болады деді. Енді қайда барарымызды білмейміз. Құлап қалдым, енді жатырмын.

Әрине, қаңғыбастардың 300 шақырымды артқа тастап, Астанадан Көкшетауға қоныс аудару ойларында да болмапты. Айтуларынша, оларды арнайы автобуспен Көкшетауға жеткізген де, көшелерге қоя берген.

Нұрлан Жанпейісов:

-Астанадан келдік. Қуып жіберді.ЭКСПО  дей ме сондай екен. 50 адамды автобусқа тиеп әкелді ғой.

Көкшетауға қоныс аударған елордалық тұрақты мекен-жайы жоқ  адамдардың көңіл-күйлері жоқ. Астанадағы «жілікті орындарынан» айрылғанына ашулы. Оның үстіне шақырылмаған қонақтарға жергілікті қаңғыбастар қыр көрсете бастаған. Тұрғындарда оларды мүсіркеп отырған жоқ.

Марфуға Жұматаева, Көкшетау қаласының тұрғыны: 

-Көкшетауға несін жібереді? Ұят қой. Көкшетау деген атқа лайықсыз іс. Көбейіп кетті ғой. Масқара.

Мекен-жайы өзгерген астаналық қаңғыбастар ЭКСПО өтетін жерге бармас едік деп ренжулі. Ал полицейлер үй-күйсіздерді бас қаладан қуып жатқан жоқпыз дейді. Керісінше, арнайы орталыққа жеткізіп, бас сауғалайтын жер тауып берген.

София Қылышбекова, Астана қалалық ІІД баспасөз хатшысы:

-Орталыққа 300 астам тұрақты мекен жайы жоқ азамат жеткізілді. Олардың кім екені анықталғаннан кейін туыстарын іздейміз.  

Сондай-ақ, полицейлер үй күйсіздердің ауруын анықтап, емделуіне, құжаттарын қайта қалпына келтіруге де көмектесіп жатыр екен. Ал күтпеген жерден жер ауып кеткен қаңғыбастар Астананы сағынып жүргендерін айтады. Бірақ қайтарға соқыр тиындары да жоқ. Енді оларға ЭКСПО бітпейінше, яғни күзге дейін азығын Көкшетаудан табуға тура келеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде