{metadescription}
 Алматыда студенттер құрт-құмырсқа қаптаған жатақханада тұрып жатыр
 Алматыда студенттер құрт-құмырсқа қаптаған жатақханада тұрып жатыр

Алматыда студенттер құрт-құмырсқа қаптаған жатақханада тұрып жатыр

Болашақ мұғалімдер адам төзгісіз жағдайда өмір сүруде! Алматыдағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің студенттері құрт-құмырсқамен күресіп жүр. Өйткені олар тұрып жатқан жатақханада жәндіктер қаптапты. Ал ыстық судың тапшылығынан студенттердің жуынуы мұң болған. Мұнымен қоймай, олар бір бөлмеде 8 адамнан тұрып жатыр.

Ғаламторда таралып, дау тудырған видео осы. Бұдан кейін тілшілер болашақ мұғалімдердің жағдайын өз көзімен көруге аттанды. Бірақ мұндағылардың жасыратыны көп болса керек, ішке кіру оңайға соқпады. Ішке тек бірер сағаттан кейін кіру мүмкін болды. Сөйтсек, мұндағы жағдай мәз емес екен. Студенттер үйі әбден ескірген. Ал аядай бөлмеде төртеудің орнына, 8 адамнан тұрып жатыр.

Мұнда жәндіктер де қаптапты. Әрі бұлар үшін ыстық су – қолжетпес арман! Өйткені, ол күніне тек 3 сағат беріледі. Ал бұл уақытта 245 студенттің жуынып үлгермесі белгілі. Мұнымен қоймай, олар тамақты да осы тар бөлмеде пісіруге мәжбүр.

- Негізі студенттер тамақты мына асханада дайындауы тиіс. Бірақ мұнда да жағдай жасалмаған. Тіпті жарық та жоқ. Ал, бір қабаттағы 17 бөлме, яғни 102 студент үшін бар-жоғы 2 газ пеші жұмыс істейді.

Бұған дейін білім алушылардың жағдайына немқұрайлы қарап келген  басшылық, тілшілер келмес бұрын студенттермен аяқасты жиналыс өткізіпті. Олардың не айтқаны бізге белгісіз. Бірақ жатақхана тұрғындарының қорқып қалғаны байқалады.Жатақхана меңгерушісі мұнда кенеге дейін болғанын мойындады. Бірақ қазір қандаланың көзін жойдық деп отыр.

Күләш Оңалбаева, №2 жатақхана меңгерушісі:

- Кене бізде алғашқыда болған. Кейін көзін жойдық. 3-4 ай бұрын.

Қалғанының бәрі жабылған жала дейді басшылық.

 Арман Әбдіхалық, ҚазҰПУ жастар саясаты басқармасының басшысы:

- Оның бәрі жалған әңгіме. Біздің университетке қатысты түгі да жоқ. Қоңыз қай жерде болмайды? Қоңыз барлық жерде болады.

Ал қуықтай бөлмеде 8 адамның тұруына студенттердің тым көптігі себеп болыпты. Қазір онсыз да университеттің жағдайы мәз емес екен. Өйткені 2 жылдан бері мемлекет оны қаржыландыруды қойған. Тіпті, қазір оқу орнын жекеменшікке беру мәселесі қаралып жатыр. Сондықтан жағдайдың қашан реттелетіні белгісіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде