{metadescription}
Таразда қызды құтқарамын деген оқушының өзі тоққа түсіп өлді
Таразда қызды құтқарамын деген оқушының өзі тоққа түсіп өлді

Таразда қызды құтқарамын деген оқушының өзі тоққа түсіп өлді

Таразда жазатайым оқиға жасөспірімнің өмірін жалмады. Тоқ ұрған қызды құтқарамын деген 8-ші сынып оқушысының өзі тоққа түсіп ажал құшты. Оның қазасына жақындары Тараз электр желілері мекемесін айыптауда. Өйткені ондағылар үй іргесінен өтіп тұрған жоғары кернеулі электр сымдарының қауіпсіздігін қамтамасыз етпеген. Сондықтан оқушының жақындары кінәлілерді сотқа бермек. 

-Оқыс оқиға осы жерде болған. Ішінен электр желілері өткен мына құбыр үстінде ойнап жүрген екі қыздың біреуі суға құлап кетеді. Ол өзін тоқ ұрғанын айтып, жанұшыра айғайлап, көмекке шақырған. Жақын маңда жүрген Бекзат Үмбеталиев, ойланбастан суға секіріп танысын сыртқа шығарады. Алайда сол мезетте каналдың ішінде тұрған жасөспірімнің өзін тоқ ұрып, есінен тандырған.

Ал ес-түссіз жатқан 14 жастағы баланы белгісіз азамат судан алып шыққан соң, туыстарына да хабар жетеді. Дереу келген жақындары талып жатқан жасөспірімнің денесін топырақпен көміп, оның бойындағы тоқты жерге сіңірмек болған. Бірақ бірнеше сағат өткенімен, еш нәтиже болмай, 8-сынып оқушысы жан тапсырды. Оның қазасына жақындары енді электр желісіне жауаптыларды айыптауда. 

Айнұр Үмбеталиева, Б. Үмбетәлиевтің анасы:

-Тоқ бар екенін біледі. Неге қарамайды? Не белгі жоқ.Жүгіріп барсам балам жатыр, бетін жауап тастаған. Енді не істеймін, балам-ай!

Мына темір құбырдың арасынан жоғары кернеулі электр сымдары жүргізілгенін ешкім білмеген болып шықты. Тоқ ұруына қарағанда, желінің тозығы жетуі мүмкін деп топшылайды тұрғындар.

-2003-тен бері осы жерде тұрамын. Тоқ тозған меніңше. 380 вольтті  неге орамайды. Міндетті түрде біреу өлу керек пе еді.?

Ал қойылған сауалға жүре жауап берген Тараз қалалық электр желілері мекемесінің өкілдері оқиғаға қатысты тұшымды мәлімет бере алмады.

-Экспертиза өтсін. Сосын белгілі болады.

Марқұм Бекзат Үмбетәлиев құтқарған 8-сынып оқушысының қазіргі жағдайы қалыпты. Дәрігерлердің мәліметінше, ол үйіне жіберілген. Сондай-ақ, бүгін біреудің өмірі үшін, өзін құрбан еткен оқушының мәйіті жер қойнына тапсырылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде