{metadescription}
Былық: «Самұрық-Қазынада» тендердің бәрін жалғыз кәсіпкер ұтып отырған
Былық: «Самұрық-Қазынада» тендердің бәрін жалғыз кәсіпкер ұтып отырған

Былық: «Самұрық-Қазынада» тендердің бәрін жалғыз кәсіпкер ұтып отырған

Еліміздегі ұлттық компанияларды жаппай тексеру күтіп тұр.  Өйткені, "Самұрық Қазына», «Бәйтерек», «ҚазАгро» сынды холдингтерде жемқорлар саны күрт көбейіп кетіпті. 

Алик Шпекбаев, Мемлекеттік қызмет  істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары:

-Ұлттық компаниялардың тиімді дамуына жемқорлық кедергі болып отыр. Қылмыстық істер көбейді, биыл небары төрт айда 51 қылмыс тіркелген. Оның тең жартысы мемлекеттік сатып алуға байланысты.

Яғни, ұлттық компаниялар мемлекеттік тендерді май шелпекке айналдырып алған. Холдингтегілер бюджеттің миллиардттарын қалаған кәсіпкерге береді де, қалғанын байқауға қатыстырмайды. Оларды тексеріп жатқан ешкім жоқ. Ал бизнесмендер: «ұлттық компаниялар тендерге қатысу үшін пара сұрайды»  деп жиі шағымданды дейді Шпекбаев. Мысалы, «Самұрық-Қазынадағы»  тендердің 94 пайызын жыл бойы жалғыз компания ұтып отырған. Сондықтан, жемқорлыққа қарсы агенттік квазимемлекеттік сектордың қазына қаржысын қалай және қайда жұмсағанын жіті тексеруді және тендерді электронды жүйге көшірулі ұсынды. Сонымен қатар, байқау өткізетін қызметкерлерді екі жылда ауыстырып тұру қажет. Ал Қаржы министрлігі ұлттық холдингтерді тескеру үшін арнайы заң жобасын әзірлеп жатыр.

Сәбит Ахметов, ҚР Қаржы министрлігінің департамент директоры:

-Жаңа құжатқа сай, біріншіден, Қаржы министрлігі  «Самұрық Қазына», «Бәйтерек», «ҚазАгро» сынды ұлттық компанияларға тендер өткізудің біріңғай тәртібін белгілейді. Екіншіден, министрлік мемлекеттік сатып алудың қалай жүргізілгенін тексереді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде