{metadescription}
Ақиқат: Алматыда студенттің өліміне күдікті ретінде ұсталған  байдың ұлдары босап, жалғыз жігітке айып тағылған
Ақиқат: Алматыда студенттің өліміне күдікті ретінде ұсталған  байдың ұлдары босап, жалғыз жігітке айып тағылған

Ақиқат: Алматыда студенттің өліміне күдікті ретінде ұсталған байдың ұлдары босап, жалғыз жігітке айып тағылған

Алматыда Аграрлық университетінің жатақханасында болған студент өліміне қатысты сот басталмай жатып, кейінге қалды. Өйткені, марқұм Дидар Болысбектің туыстары келген жоқ. Ал айыпталушы орындығында сол университеттің жалғыз студенті отыр. Негізі, басында 7 адамның қолына кісен салған болатын. Кейін оның бәрі бірінен соң босап шығыпты. Енді жалғыз өзі жауап беріп жатқан Тойчыбек Асамовтың анасы болса, ұлының кінәсіз екеніне сенімді. Тіпті марқұм мен өз ұлының дос болғанын дәлелдеу үшін екеуінің құшақтасып түскен суретін де ала келген.  

Бұл 17 жастар Дидар Болысбектің өліміне кінәлі деп айыпталып отырған Тойчыбек Асамов. Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы өзіне тағылған айыптың қаншалықты ауыр екенін түсінбейтін де сияқты. Жүзінен қорқыныш байқалмайды. Есесіне анасы өзін қоярға жер таппай жүр. Ол ұлымды ұрып-соғып мойындатты дейді.

Саламат Асамова, Тойчыбек Асамовтың анасы:

-Бәрі  мойындап жатыр  деп алдаған. Соған сеніп қалған. Ал босап кеткендердің бірінің әкесі полиция, екіншісі әкімнің баласы. Қалталылардың баласы еркіндікте тек диқанның баласы қамауда отыр.  

Саламат Асамова тіпті марқұм мен ұлының дос болғанын айтып отыр. Дәлел ретінде екеуінің суреттерін ала келген. 

Саламат Асамова, Тойчыбек Асамовтың анасы

-Міне Дидармен түскен суреттерін көріңіздер. Қайтыс болған бала осы. Менің балам Дидар менің бауырым деп отыр.

Қайғылы оқиға сәуірдің 11-і болған. Қазақ ұлттық аграрлық университетінің жатақханасында үлкен курстың студеттері, бірінші курстың ұлдарын сабап, салдарынан кәмілет жасына да толмаған тараздық Дидар Болысбек көз жұмды. Күдіктілер де бірден ұсталып, әлімжеттік жасағандарын мойындаған. Бірақ бүгінгі сот отырысында, айыпты ретінде тек Тойчыбек Асамов қаралып жатыр. Ал процесс марқұмның туыстары келмегендіктен басталмай жатып аяқталды.

-Жәбірленуші тарап келмеген жағдайда сот кейінге шегеріледі. Сондықтан құрметті сот сізден сот отырысын кейінге қалдыруды сұраймын.

Судья прокурорға келесі процеске жәбірленуші тараптың міндетті түрде қатысуын тапсырып, отырысты 19-шы маусымға шегерді.

Ал, бүгін сот залынан бір студенті ажал құшып, енді бірі сотталып жатқан аграрлық университеттің басшылығын кездестіре алмадық. Алматыға арман қуып келген білімгерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмай отырған оқу орны үшін бұл қалыпты жағдай болса керек. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде