Ақтөбе облысында тендерді тек танысына бергізген әкімнің орынбасары қамауға алынды
Мұғалжар ауданының әлеуметтік саласына жауапты болған Қайырғали Назаров тергеу біткенше 2 ай бойы абақтыда отырады. Оған алаяқтық жолмен алты миллион теңгені қалтасына басты деген айып тағылып отыр. Тергеу мәліметінше, мұғалжарлық шенеунік қарамағындағы 7 ауылдың әкіміне спорт алаңын салу үшін «Еңбек-Ақтөбе» компаниясымен ғана келісімге отыруға мәжбүрлеген. Ал қызмет ақысын қымбатқа бағалап, үстінен көрген пайданы серіктестік басшысымен бірге бөліп алған деген де ақпарат бар. Қазір серіктестік басшысы да шенеунікпен бірге қамауда отыр.
Автор: Жаңалық Ахаш
15.06.2017
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!