{metadescription}
Қамауға алынған Мақсат Үсенов үкімді күлкіге айналдырды
Қамауға алынған Мақсат Үсенов үкімді күлкіге айналдырды

Қамауға алынған Мақсат Үсенов үкімді күлкіге айналдырды

Атышулы Мақсат Үсенов ұшақта шығарған шатағы үшін ақыры абақтыға қамалып тынды. Алматыдағы ауданаралық әкімшілік сотының шешімі бойынша, ол енді 10 күнін темір торда өткізуі тиіс.

Бірақ бұған өзі аса қиналып отырған жоқ. Сотқа қара көзілдірік киіп келген Үсенов көзін жасырса да, езуін жия алмады. Залға кіргенненақ өзін еркін сезініп, судьяның әр сұрағын қайта сұрап, қылжақтап отырды. Алматы-Бангкок рейсінде өзінің темекі шеккенін мойындағанымен, бортсеріктерге тіл тигізбедім, қарсыласпадым дейді Үсенов. Ал шатақ шығаруына ұшақ ішінде өзін жайсыз сезінуі себеп болыпты. Осы бұзақылығы үшін прокурор 10 күнге қамауды сұрағанда да, Үсенов оны да күлкіге айналдыруға тырысты.

-Усенов, добавить, дополнить есть что к ранее изложенному?

-Это как последнее слово?

-Да.

-Попросил бы 9 суток.

-Юмор любите?

-Нет, просто хотел бы получить 9 суток.

Сөйтіп, 10 күнге қамауға алынған Мақсат Үсеновтің қолына кісен сот залында салынғанымен, сыртқа шыға сала күзет оны шешіп тастады. Тіпті, полицияның арнайы көлігіне де отырмай, атышулы бай баласы уақытша ұстау изоляторына жеке көлікпен аттанды. Үсенов қазір құрылыс компаниясында заңгер болып қызмет атқарады екен. Енді ол өзінің 28-ші туған күнін темір торда тойлайтын болады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде