Ақмола облысында қатты дауылдан ұшқан шатыр тұрғындардың басына түскен
Алапат дауыл Ақмола облысының да бір ауданының астаң-кестеңін шығарды. Қатты желмен жағаласа жауған бұршақ аралас жаңбыр да есілдіктер үшін жығылған үстіне жұдырық...
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
04.07.2017
trong>болған. Жараланғандар да жоқ емес. Шатырдан ұшқан шифер басына тиген 49 жастағы әйел қазір ауруханада жатыр.
-Есілде алай- дүлей боран болып жатыр. Ақырзаман деген осы ғой. Қасымда тұрған машиналар көрінбейт. Мынаны қараңдар. Мынау нее, жаздың шыжыған күнінде мынаны қарасаңдаршы.?
Аяқ астынан көтерілген дауыл аудандық аурухана, балабақша, мектептер мен білім беру бөлімі сынды ұзын саны 12 әлеуметтік нысанның шатырын ұшырып кеткен. Осыдан 3 жыл бұрын мемлекеттік бағдарламамен бюджет қызметкерлеріне, «ұйқышыл ауыл» – калачилықтарға тапсырылған 3 қабатты үйдің де шатырының сау-тамтығы қалмапты. Ал Есіл қаласы мен Ақсай, Қаракөл, Ярославль ауылдары электр жарығынсыз отыр. Қазір аудандық әкімдікте арнайы құрылған комиссия келген шығын көлемін есептеуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!