{metadescription}
Экология:  Атырау облысының ауасын бүлдірген алпауытқа айыппұл салынды
Экология:  Атырау облысының ауасын бүлдірген алпауытқа айыппұл салынды

Экология: Атырау облысының ауасын бүлдірген алпауытқа айыппұл салынды

Қоршаған орта 177 миллион теңге көлемінде зиян келген! Мамыр айында Атырау облысындағы «Теңіз» кен орнында болған апатты жағдайды бір ай бойы тексерген экологтар осындай қорытындыға келіп отыр.

Мамандардың сөзіне сенсек, «Теңізшевройл» компаниясының «кешенді технологиялық желі» зауытында орын алған апат салдарынан, ауаға меркаптан мен күкіртті сутегі өте көп мөлшерде тараған. Еске сала кетейік, оқиға Жылой ауданындағы кен орнында болған еді. Жұмысшылар ауаға күкірттің көп мөлшерде таралып жатқанын телефондарына түсіріп алып, әлеуметтік желі арқылы таратқан болатын. Кейін осы оқиғаға байланысты баспасөз конференциясын өткізген компания басшылығы, мұның еш зиянсыз екендігін айтып, айды аспанға бір шығарған еді. Қазір экологтар табиғатқа залал келтіргені үшін, «Теңізшевройл» компаниясын сотқа беріп жатыр.

Қанат Қалмахан, Атырау облысының бас мемлекеттік экологиялық инспекторы:

-Айыппұл бойынша 328 бап бойынша әкімшілік іс қозғалған. Нақты айыппұлдардың көлемін сот анықтайтын   болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде