{metadescription}
Таразда алып сәби дүниеге келді
Таразда алып сәби дүниеге келді

Таразда алып сәби дүниеге келді

Таразда алып сәби дүниеге келді. Оның салмағы 6 келі 256 грамм болса, бойы 67 сантиметр. Ол қарапайым баладан шамамен екі есе үлкен. Ал осындай бөбекті өмірге әкелу 29 жастағы Алена Премушконың үш ұйықтаса түсіне де кірмеген. 

Алена Премушко, Тараз қаласының тұрғыны:

-Әлбетте, өте қуаныштымын. Босанар алдында УЗИ аппаратына тексерілгенде сәбидің салмағы 4 келі 200 грам деген болатын. Соның өзіне қиналып қаламын ба деп босанудан қорқып жүргенмін.  Ал, босанғасын қызымның салмағы 6 келі 300 грамға жуық дегенде есімнен танып қала жаздадым.

Бұл – Аленаның үшінші перзенті. Үлкен қызы 11 жаста болса, одан кейінгі ұлы 9 жасар. Ал соңғысын тура тоғыз жылдан кейін дәл бүгін таңғы  4-тер шамасында босанды. Келіншектің алдыңғы ұл-қызының туғандағы салмағы 4 келіден аспаса, ең кенжесіне келгенде өзіндік рекорд жасады. Ал, алып қыздың әкесі қазір Қырғызстанда іссапарда жүргендіктен, сәбиді әлі көрмеген екен. Қазір нәресте де, анасы да өздерін жақсы сезінуде. Енді үш күнде бұйырса үйлеріне жіберіледі. Айта кетейік, бұл Жамбыл облысы бойынша ауыр салмақта туылған бірінші бөбек емес. 

Эльвира Атабаева, акушер-гинеколог:

-Осыдан 7 жыл бұрын 6 келі 500 грамдық сәби босанған әйел болған. Ол көп босанушы әйел болатын. Бірақ ол кезде операция кесір тілігімен босанған. Ал, бұл жерде өзі табиғи жолмен, асқынусыз босанды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.