{metadescription}
ЯК-12 ұшағы апатының алдын-ала себебі жарияланды
ЯК-12 ұшағы апатының алдын-ала себебі жарияланды

ЯК-12 ұшағы апатының алдын-ала себебі жарияланды

Алматы облысында ұшақ апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты. Жүгері алқабына дәрі сеуіп жүрген ЯК-12 ұшағының ішінде ұшқыштан бөлек, тапсырыс беруші жақтың өкілі болған екен.

Оқыс оқиға Жаркент қаласынан 7 шақырым жердегі Шолақай ауылында болған. Қайғылы жағдайды жергілікті тұрғындар ұялы телефонына түсіріп алыпты. Бейнежазбада шаруашылыққа арналған шағын ұшақтың қанаттары қирап, алдыңғы бөлігі отқа оранғаны көрінеді. Оқиға орнына өрт сөндірушілер келгенімен ұшақты қызыл жалыннан арашалап алып қала алмады. Қазір осы жайтқа байланысты, Азаматтық авиация комитеті тергеу шаралары аяқталғанға дейін ел аумағында ЯК-12 ұшақтарын қолдануға тыйым салып отыр.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде