{metadescription}
Атырауда ұрлаған ақшаларын жерге тыққан жігіттер ұзақ мерзімге сотталды
Атырауда ұрлаған ақшаларын жерге тыққан жігіттер ұзақ мерзімге сотталды

Атырауда ұрлаған ақшаларын жерге тыққан жігіттер ұзақ мерзімге сотталды

Атырауда қарақшылық шабуыл жасап, жеке үйлердің бірінен 24 миллион теңге мен бағалы заттарды қолды еткендерге қатысты сот үкімі шықты. Мереке Мұхамбетов пен Ерболат Сәкетов 10 жарым жылға бас бостандықтарынан айырылды.

Бұл екеуіне “аса ірі көлемдегі қарақшылық шабуыл жасау” бабы бойынша айып тағылған болатын. Енді жазаларын қатаң тәртіптегі түрмеде өтемек. Естеріңізге салсақ, Мереке Мұхамбетов пен Ерболат Сәкетов сәуір айында қала маңындағы “Рыбник” саяжайындағы жеке тұрғын үйге қарулы шабуыл жасаған. Бетпердемен үйге кірген екеу қожайынның әпкесінің аяқ-қолын байлап, 24 миллион теңге мен жалпы құны 800 мың теңгеден асатын алтын бұйымдарды алып кетеді. Ақшаны екіге бөліп алып, қаша жөнелген ұрылардың біреуін сол маңда кетіп бара жатқан әскерилердің бірі ұстап, полицейлерге тапсырыпты. Ал қаражаттың екінші бөлігін иесіз аулалардың біріне тыққан екінші сыбайлас та оқиға болған күні ұсталған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.