Бразилиядағы түрмеде 7 ай жатқан қарағандылық Славяна Миневская бостандыққа шықты
Ол ақпан айында Сан-Паулу әуежайында 2 келі кокаинмен ұсталған болатын. Қазақстанның Бразилиядағы елшілігінің белсене араласуымен 20 жастағы қыз толық ақталып шыққан.
Автор: Саят Сабдалы
23.08.2017
Оны Бразилиядан бағалы тастарды жеткізіп бер деп танысы жіберген екен. Ақысына 4 мың доллар беретін болған. Алайда Сан-Паулудан алып шыққан жүгінің арасынан полция есірткі тауып, қолына бірден кісен салыпты. Сөйтсе, Бразилияға жіберген танысы арбау арқылы сол елден есірткі алдыртпақ болған көрінеді. Еліміздің полициясы қызды жұмсаған келіншекті ұстап, 6 жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Осының арқасында ғана Бразилия тергеушілері Славянаны бостандыққа шығарып отыр. Дегенмен тағы бір қарағандылық қыз сол жақтың түрмесінде әлі жатыр. Осы көктемде әлгі келіншектің тапсырмасымен шетел асқан ол тура осылай ұсталып, 7 жарым жылға сотталып кетіпті. Оның ісімен де елшілік айналысуда. Ал Славяна жақын күндері елге жеткізілуі тиіс
Виктория Миневская, Славяна Миневскаяның анасы:
-Жакын күндері ол төлқұжаттарын алуы керек. Содан кейін ғана ұшаққа билет алып осында жеткіземіз. Ал әлі түрмеде отырған екінші қызға елшілік көмек бергелі жатыр. Осы жерде сотталған әйел бойынша құжаттар Бразилия сотына жетсе, ол қыз да ақталып шығуы мүмкін. Жалпы біздің сондағы елшілікке алғысымыз ұшан-теңіз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!