Биылғы Әлем барысының жеңімпазы белдікпен бірге 15 миллион теңге көлемінде сыйақы алады
Ең мықты түйе палуан атағына осы жолы 40 мемлекеттің спортшысы таласпақ.
Автор: Азамат Алдоңғаров
04.09.2017
Олардың алғашқылары Астанаға жетіп үлгерді. Әлемнің әр түпкірінен келген қара күш иелеріне Қазақстан атынан шыққан төрт палуан қарсы тұрмақ. Әлем барысы атағы мен ақшалай ұтыстан бөлек, күміс, қола белдіктер де табысталады. Ал доданың жалпы ұтыс қоры 30 млн теңге. Ұйымдастырушылар көрермендер де құр қол кетпейді дейді. 8-ші қыркүйекте Әлем барысын тамашалауға Барыс-аренаға келгендер көлік ұтып алуы мүмкін.
Арман Шораев, Қазақ күресі федерациясының президенті:
-Бірінші "Әлем барысы" деген доданы 3 жыл бұрын Павлодар қаласында өткізгенбіз. Меніңше бұл қазақ күресінің халықаралық аренадағы дәріжесінің өсуіне үлес қосатын жоба. Жалпы қазақ күресінің күллі әлемге қанатын жайдыратын жоба.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!