{metadescription}
Ел тұрғындары ақшаларының жоқтығынан қымбат дәрі-дәрмектен  бас тартып жатыр
Ел тұрғындары ақшаларының жоқтығынан қымбат дәрі-дәрмектен  бас тартып жатыр

Ел тұрғындары ақшаларының жоқтығынан қымбат дәрі-дәрмектен бас тартып жатыр

Мәжілісмен Тұрғын Сыздықовтың айтуынша, елімізде импорттық препараттарға сұраныс бірден төмендеп кеткен. Яғни, қазір сапалы дәрі қарапайым жұртқа қолжетімсіз.

Тұрғын Сыздықов, Мәжіліс депутаты:

-Қазір жұрттың шетелдік сапалы препараттарды  сатып алуға шамасы келмейді. Ал интернетте  адамдарды алдап-арбайтын түрлі саудагерлер мен түсініксіз дәрі-дәрмектің жарнамасы қаптап кеткен.

Оның үстіне препараттардың бағасы біркелкі емес. Бір дәрінің құны дәріханаларда әртүрлі. Айырмашылығы тіпті жер мен көктей. Бұл - тек пайда табуды көздеген алыпсатарлардың қолдан жасап отырған қымбатшылығы   дейді депутат. Ал отандық дәрі-дәрмек шығаратын зауыттардың өндірісі 30 пайызға артқанымен, одан нарықтағы медикоменттердің сапасы жақсарғаны байқалмайды және бағаға да еш әсер етпеген. Сондықтан, мәжілісмен Денсаулық сақтау министрінен препараттардың құнын реттейтін арнайы құжат қабылдауды талап етті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.