{metadescription}
Биыл тұмаудың қауіпті үш түрі тарауы мүмкін
Биыл тұмаудың қауіпті үш түрі тарауы мүмкін

Биыл тұмаудың қауіпті үш түрі тарауы мүмкін

Сондықтан дәрігерлер жұқпалы вирусқа қарсы күресті барынша күшейтпек. Елімізде 2-ші қазанда жаппай тұмауға қарсы екпе салу науқаны басталады. Ал Денсаулық сақтау вице-министрі мен Бас санитар дәрігер елден бұрын емханаға келіп, бүгін екпе салдырып алды. Мұнысы – науқаннан қалмауға үндегендері. Сондай-ақ, шенеуніктер қауіпті вирусты емдеуге кететін бюджет шығынын да есептепті.

Вирусты жұқтырып, шаш етектен шығындалғанша 3 мың теңгеге екпе ектіруді жөн көрген шенеуніктер бүгін емханаға келді. Вип-науқастардың алдында ақ халаттылар да жүгіріп жүр. Медбике алдымен Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цойға Ресейде өндірілген  жоғары сапалы вакцинаны салып берді.

Вице-министр жарты сағат дәрігерлердің бақылауында болды. Цойдан кейін Бас санитар дәрігер де екпе қабылдады. Жандарбек Бекшин ел арасындағы «вакцина балаға қауіпті» деген үрейді басу үшін өз немересін ертіп келіп, көптің көзінше екпе салдырды. Препарат адам ағзасына  14 күннен кейін әсер етеді де, жыл бойы жұқпалы вирустан сақтайды екен.

Жандарбек Бекшин, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы:

-Менің балаларым баяғыда өсіп кеткен.  Биыл мен немереммен келіп отырмын.

Бекшин тұмаумен күресудің тағы бір тәсілін біледі. Бас санитар дәрігер жылда жұртқа сарымсақ пен жуа жеуге кеңес береді. Биыл да сөйтті.

Жандарбек Бекшин, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы:

-Бірінші кезекте дәріханаларда сатылатын дәрумендер мен лимон, анар, киви сынды көкөністі жиі тұтынған жөн. Итмұрын, қарақатты қайнатып ішіңіздер. Және түнде сарымсақ пен жуа жеген дұрыс.

Биыл «мичиган», «гонконг», «брисбен» сынды тұмаудың үш штамы өрши түседі екен. Үкімет эпимаусымға деп 1 миллиард 200 миллион теңгеге вакцина сатып алыпты. Ол 1 жарым миллион адамға жетеді. Тұмауға қарсы препарат созылмалы өкпе, жүрек-қан тамыры ауруына шалдыққандар, әлсіз балалар мен жүкті келіншектер және медициналық қызметкерлерге тегін салынады. Қалған тұрғындар екпені 3 мың теңгеден ақылы алады.  Ал елімізде жаппай вакцина салу науқаны 2-ші қазанда басталмақ.

-Бірақ, елімізде жұрттың бәрі бірдей екпе салдыра бермейді. Біреулер салғырттықтан, енді кейбіреулер діни наным-сеніміне байланысты денесіне ине жолатпайды. Яғни бұл әркімнің жеке шаруасы. Ал иммунитеті төмен адам тұмаудан төсек тартып жатып қалуы мүмкін, - дейді дәрігерлер. Ауруханаға түскен мұндай әр науқастың ем-домына 150 мың теңгеге жұмсалады екен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде