Семейде парамен қолға түскен мектеп директорына қатысты үкім шықты
Сот 55 жастағы Ерлан Ысқақовты 3 миллион 500 мың теңге төлеуге міндеттеді. Сондай-ақ, жеке мүлкі тәркіленген ол енді өмір бойы мемлекеттік қызметке де тұра алмайды.
Автор: Ұлан Нұрахмет
16.11.2017
Ерлан Ысқақов Семейдегі №7 мектеп-лицейді 18 жыл басқарған. Әйтсе де, осы білім ошағына оқуға келмек болған баланың ата-анасынан алғашында көлігіне 4 қыстық дөңгелек алып беруін талап етіпті. Бірақ, кейін бұл ойынан айнып қалған директор одан құны 63 500 теңге тұратын бейнетіркеуіш құрылғыны сатып әперуін сұраған. Себебі, әлгі бала аталған мектеп орналасқан ықшамауданда тіркеуде болмапты. Осылайша, оны жемқорлыққа қарсы департамент мамандары затын алып жатқан жерінде қолға түсірген. Ал директордың өзі мұны сыйлық деп ақталумен болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!