Халал дегені шошқа еті болып шықты
Халалдың атын ғана жамылып жүргендер бізде де аз емес екен. Шұжық өнімдерін шығарған қазақстандық осындай 11 кәсіпорынның әрекетті әшкере болды. Олардың өнімдерінің құрамында шошқаның ДНК-сы анықталған. Мұның алдында ресейлік компаниялардың шұжығынан жаппай шошқа еті табылып еді.
Автор: Асқарбек Қазанғап
27.11.2017
Бұл жолы шұжықпен қатар, көрші елдің «Халал» белгісі басылған сиыр консервілерінің ішінен де шошқа еті табылған. Жалпы, жыл басында Денсаулық сақтау министрлігі 36 мың өнімді алып, майшаммен құрамын зерттеуге кіріскен екен. Оған қазынадан шығындалған қаржы да аз емес. 60 млн теңге. Осылайша, 29 мың өнімнің 2138-і талапқа сай болмай шықты. Халалдың арамға айналуына ет комбинатындағы өнімдердің бір құрылғыдан шығатыны себеп. Технологиялық талап бойынша, аппарат тазаланып тұруы тиіс. Тұтынушыларды алдаумен пайдаға қарық болуды көздеген кәсіпорындарға 21 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!