{metadescription}
Біртанов дәрігерлерге  интернетті үйренуге кеңес берді
Біртанов дәрігерлерге  интернетті үйренуге кеңес берді

Біртанов дәрігерлерге интернетті үйренуге кеңес берді

Еліміздің ақ халаттылары интернетті сауатты меңгеруі тиіс. Себебі енді тұрғындардың интернетке жазған шағымына дәрігерлер дереу жауап беруі керек. Бүгін денсаулық сақтауға жауапты шенеуніктер еліміздің бас дәрігеріне осындай ұсыныс жасады. Біртановқа бұл бірден жақты. Енді емханалар адам өмірімен бірге, онлайн өмірді де бағып отырулары тиіс.

Бәзбіреулер әлеуметтік желіге ермек үшін телмірсе, дәрігерлер сол еріккеннің шағымына жедел жауап беру үшін мониторға шұқшияды. Бүгін Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, барлық медициналық мекемелерге арнайы аккаунт ашуды бұйырды. Оған, министрліктің қоғамдық денсаулықты сақтау департаментінің берген мәліметтері себеп. Ведомство атына келіп түскен шағымдардың 70 пайызында сапасыз қызметке өкпе айтылыпты. Емге көңіл толмайтындардың саны жыл сайын шамамен 7 пайызға артып отыр. Және олардың басым көпшілігі орынды сын көрінеді.

Айжан Есмағамбетова, Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің директоры: ауд

-Бұл статистикалар қағаз түрінде түскен ресми сауалдар, электронды өтініш пен блогтағы сұрақтар бойынша жасалды. Тәжірибе көрсеткендей көп шағымдар әлеуметтік желілерде жазылады. Сондықтан олар статистикадан енбей қалған. Жергілікті департамент, комитет, денсаулық басқармаларының әлеуметтік желілерде аккаунттары болуы тиіс.

Халықтың не жазғанымен қатар, дәрігерлердің де жазғандарын министр бақылап отырмақшы. Мәселен бас дәрігер бүгін елдегі өлім-жітімнің әлі де жоғары екендігін айтты. Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Атырау облыстары ана өлімі, онкология және жалпы өлім бойынша қара тізімді бастап тұр. Айыпты шенеунік министр алдында қостанайлықтар қартайды деп ақталғысы келіп еді, бірақ министр тыйып тастады. Елде онкология анықталған азаматтардың өміршеңдігі де тым қысқа.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Сіздер асқынып кеткен онкологияны не анықтай алмайсыздар, не болмаса көрсеткіштерді бұзбас үшін ерте анықтадық деп қағаз толтырасыздар. Бірақ ол науқастар ұзақ өмір сүрмейді. Қағаз толтырумен айналысуды қойыңыздар. Ертең ақпараттық  жүйе ішінде бұл ақпараттардың барлығы оңай тексерілетін болады. Сондықтан скринингке көңіл бөліңіздер.

Жыл соңында маусымдық проблемаға айналған аймақтардың дәрі-дәрмекпен қамтылуы да сөз болды. Бұл проблема әлеуметтік дәрі-дәрмекті бір оператор арқылы сатып алу жүйесі іске қосылғаннан кейін толық шешілуі тиіс дейді министр.

-Атышулы СК Фармацияға билік келер жылы тиюі тиіс. Жемқорлықпен аты шыққан ұйым сақтандыру қорынан тікелей ақша алады. Бірақ бұл жолы қылмысқа жол жоқ дейді Біртанов. Министр бүгін сондай-ақ дәрі сатып алуды тежеп, көп күттірген Үкімет қаулысы сейсенбіде шығып, сәрсенбіде-ақ тендерлерді жариялаймыз деп уәде берді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.