{metadescription}
Елімізде бензин арзандай бастады
Елімізде бензин арзандай бастады

Елімізде бензин арзандай бастады

Бензин бағасы түсе бастады! Көлік отынын 165 теңгеге дейін көтеріп жіберген жанармай құю бекеттері бүгін күтпеген жерден оны 8 теңгеге арзандатты.  

АИ-92-нің кенеттен арзандап шыға келгеніне жүргізушілердің өздері сеніңкіремей қалған. Бұған дейін бәйгеге түскендей бағаны бірінен соң бірі қымбаттқан бекеттер енді біртіндеп оны төмендетіп жатыр. Яғни, литрін 157-158 теңгеге саудалауда. Таразда да баға өзгерген. Бұл Бозымбаевтың болжамы тура келді деген сөз. Естеріңізге салсақ, Энергетика министрі желтоқсан айының басында жанармай арзандайды деп барша жұртты сендіріп баққан. Алайда, оның артынша іле-шала «Қазмұнайгаз»-дың білдей вице-президенті Данияр Тиесов бензин бір тиынға да төмендемейді деп министрдің мәлімдемесінің жоққа шығарған еді. Сондағы топ-менеджер бағаны арзандатсақ, отынды көрші елдер талап әкетеді дегенді желеу қылған. Соған қарағанда, күзде бензин бағасы негізсіз көтерілген деген күдік бар. Дегенмен, оған қатысты бағаның өсуін қалайтын мұнай компаниялары әзірге жақ ашпай отыр. Есесіне, жүргізушілер әжептеуір қуанып қалды.     

Нұрлан Тойшыманов, көлік жүргізуші:

- 2-3 теңге болса да, жақсы ғой.Қалада кешке дейін машинамен жүреміз. Жұмысымыз бәрі осы машинамен ғой. Осы машинаның арқасында жүреміз. Автобуспен жүруге болады, бірақ жұмыс бітпейді онымен. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде