{metadescription}
Қазақстанда жаңа туған нәрестені тіркеу жеңілдеді
Қазақстанда жаңа туған нәрестені тіркеу жеңілдеді

Қазақстанда жаңа туған нәрестені тіркеу жеңілдеді

Елімізде енді жаңа туған нәрестені тіркеу үшін халыққа қызмет көрсету орталығына барудың қежеті жоқ. Бұл қызметті бұдан былай «смс» арқылы онлайн алуға болады.

Мұрат Жұманбай, «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының департамент директоры:

-Бала туылған соң оның ата-анасына бірден смс-хабарлама келеді. Онда біріншіден, баланың тууымен құттықтау болады, екіншіден мемлекеттік қызметтерді алуға ұсыныс жасалады. Бірінші, баланың тууын тіркеу, екінші тиісті әлеуметтік жәрдемақыларды  белгілеу және үшінші баланы балабақша  кезегіне қоюға байланысты.

Ал, бұрын мұндай қызметті алу үшін халыққа қызмет көрсету орталығына бару керек болған. Енді ата-аналар орталыққа баланың туу туралы куәлігін алу үшін ғана барады. Әзірге мұндай қызмет сынақ ретінде ірі қалаларда іске асып жатыр. Бірақ, оны алу үшін тұрғындардың телефон нөмірі электронды үкіметтегі порталға тіркелген болуы тиіс. Жаңа жүйе енгізілген алғашқы күні 200-ге жуық анаға осындай «смс» құттықтау келіп, қызметті онлайн алуға ұсыныс жасалыпты. Бірақ, мұндай мүмкіндікті тек бірнеше ана ғана қолданып үлгерген.

Роза Айнабекова, Астана қаласының тұрғыны:

-Екінші баламды босандым. Алғашқысын туғанда халыққа қызмет көрсету орталығына барып  тіркеу үшін біраз кезек күткенбіз. Жаңа жүйе расымен өте қолайлы екен. Қиын емес, ұялы телефонға келген сілтемелер арқылы өтіп, қажетті мағлұматтарды жаздым. Енді куәлік дайын болғанша күтеміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.