Елімізде тағы бір ұлттық компания құрылатын болды
Жаңа компания Азаматтық авиацияны қадағалаумен айналыспақ. Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, ағылшын үлгісінде жасақталатын мекеме министрлікке бағынышты болады.
Автор: Ербол Тұрымбет
23.01.2018
Елдегі ұшақ санының артуы мен авиациялық жұмыстардың көбеюінен ұшақ апаттары да жиілеген дейді министр. Мәселен, былтырдың өзінде ел аумағында 5 шағын ұшақ құлап, соның салдарынан 11 адам қаза тапқан. Олардың ішінде көбірек адам шығыны болғаны - қазан айындағы Ан-28 санитарлық авиация ұшағы мен Азаматтық авиация академиясының «Текнам» оқу-жаттығу ұшағының құлауы болды. Екі жағдай бойынша да тергеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Жаңадан құрылатын ұлттық компания енді осындай олқылықтарды жібермеуі тиіс.
Жеңіс Қасымбек, ҚР Инвестициялар және даму министрі:
-Біз британ үлгісін енгізудің жолдарын әзірледік. Ол үшін заңға бірқатар өзгерістер енгізу керек. Яғни, ұшу қауіпсіздігі бойынша бақылау-қадағалау қызметтері жаңадан құрылатын компанияның құзыретіне өтеді. Ал компания министрлікке бағынышты болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!