Аяз әсерінен батыстан басқа өңірлердің барлығында дауылды ескерту жарияланды
Бұл аумақтарда температура минус 45 градусқа дейін суытады деп күтілуде.
Автор: Ербол Тұрымбет
25.01.2018
Қатты суық еліміздің 10 облысын қамтиын деп отыр. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды және Қостанай облыстары аумағында сынап бағаны минус 45-ке дейін сырғиды деп күтілуде. Астанада да сол шама сақталады. Ал Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарында ауа температурасы минус 35-ке дейін түсуі мүмкін. Еліміздің төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарды алыс жолдарға шықпауға үндесе де күтпеген жәйттар кездесіп жатыр. Мәселен, кеше түнде Екатеринбург- Шымкент бағытында жолға шыққан жолаушылар толы автобус Көкшетаудың маңында тоқтап қалған. Ішіндегі еліне қайтып бара жатқан 22 Өзбекстан азаматы дін аман. Ал бүгін таңғы сағат 6-лар шамасында Ақмола облысында Қырғызстан азаматтары бар рейстік жолаушылар автобусы бұзылған. Қатты суықтан көлік қатып қалыпты.
Руслан Иманқұлов, ҚР Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі:
-Салонда 21 жолаушы болды. Зардап шеккендер жоқ. Астрахан аудандық төтенше жағдайлар қызметкерлері аудандық әкімдіктің өкілдерімен бірігіп, жедел қызмет көрсетті. Қазір автобус жолаушылары жылыту пункттерінде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!