{metadescription}
Денсаулық сақтау министрлігінің кезекті бастамасы сынның астында қалды
Денсаулық сақтау министрлігінің кезекті бастамасы сынның астында қалды

Денсаулық сақтау министрлігінің кезекті бастамасы сынның астында қалды

Бүгін Елжан Біртанов төменгі палата депутаттарына медицина саласын цифрландыру бағдарламасын таныстырған болатын. Бірақ, халық қалаулылары дәрігерлердің жұмысын электронға форматқа көшіруден бұрын, тоз-тозы шыққан ауруханаларды жөндеп, емханалардың сапасын арттыру керек деп отыр.

Елжан Біртановтың айтуынша, 2022 жылға дейін еліміздегі барлық емханалардың жұмысы электронды форматқа көшпек. Яғни, дәрігерлер қазіргідей түрлі құжаттарды толтырып қағазға көмілмейді. Әрі пациенттердің қолында жүрген қазіргідей медициналық карта да болмайды. Оның орнына электронды денсаулық паспорты жүреді.  Сондықтан ақхалаттылар бұрынғыдай алдына келген науқастың сырқат тарихын ауыз­ша сұрап, қолмен жазып отырмайды. Азаматтың жеке куәлігіндегі штрих-кодты компьютерге тигізсе болды, барлық дерек автоматты түрде мониторға шығады екен. Ол үшін ел азаматтарының денсаулығы туралы ақпаратты бір базаға біріктіру қажет.
 

ЕЛЖАН БІРТАНОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:

-Интеграциялық платформаның негізгі мақсаты түрлі-түрлі медициналық ақпарат жүйелерін біріктіру өздерімен қосу. Қазір 6 мыңнан астам медициналық ұйым бар. Ол бір-бірімен қосылу өте қиын. Мүмкін емес. Сонымен біздің жоспар бойынша, Интеграциялық платформа негізінде әрбір медициналық ұйым толық пациент туралы құжаттары ақпараттарды көруге мүмкіндік алады.

Оның үстіне сәуір айынан бастап тұрғындар уақытша жұмысқа жарамсыздық парағы мен туберкулез, наркологиялық диспансерде тіркеуде бар жоғы туралы қағазды үйден шықпай-ақ, е-гов сайтынан онлайн алуға болады.  Бірақ, депутаттар медицина саласын осылай электронды форматқа көшіру жұмысына күмәнмен қарап отыр. Өйткені, шалғай елді мекдердің көбінде әлі күнге дейін интернет жоқ. Оның үстіне көптеген ауруханалардың әбден тозығы шыққан. Сондықтан алдымен, саладағы былықты реттеп алу керек деп отыр.

НҰРТАЙ СӘБИЛЬЯНОВ, МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ:

-Аспанға қарап жұлдызды санағаннан гөрі, жердегі тіршілікке дұрыс көзбен қараған жөн секілді. Көптеген жерлерде ауруханалардың, емханалардың жағдайы төмен. Сіз құрметті министр ауылдық  жерлердегі жағдайды көрдіңіз бе? Айтыңызшы шалғай қандай ауылдарда медициналық емханаларда болдыңыз? Сонау кеңес өкіметінде алынған құрал жабдықтар тұр әлі. Цифрландыру деп айтып жатырмыз соларды алдымен ауыстырып алайық.

Бұдан бөлек Денсаулық сақтау министрлігі дұрыс диагноз қоя алмай қателікке бой алдырған дәрігерлерді қылмыстық жазадан босату керек деп отыр. Біртановтың бұл бастамасы жайында кешкі қорытынды жаңалықта айтатын боламыз. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде