Қарағандының ауыз суына дереу хлор себіліп жатыр
Қарағандының ауыз су құбырларына шұғыл түрде дезинфекция жүргізілетін болады. Бұған қоғамдық денсаулықты қорғау басқармасының жоспардан тыс тапсырмасы себеп болған.
Автор: Саят Сабдалы
07.02.2018
Қарағанды қаласы мен Ақтас елді мекенінде ақпаннның 8-і мен 9-ы аралығында ауыз суды қолданбау туралы ескертіліп жатыр. Өйткені бір тәулік бойы ауыз су құрамында хлор көбеймек. Осы арқылы мамандар құбырларды тазарту жұмыстарын жүргізеді. Жоспардан тыс дезинфекция жасау өңірде жұқпалы аурулардың таралуын болдырмауға байланысты дейді мамандар. Өйткені 1 айдың ішінде ғана Қарағанды ауруханаларына А гепатиті немесе сары ауруды жұқтырған 70 адам түскен. Оның жартысынан астамы – мектеп оқушылары.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!