{metadescription}
Астанада тергеу изоляторынан қашқан жігіттің әкесі ұлына көрсетілген қорлық туралы айтты
Астанада тергеу изоляторынан қашқан жігіттің әкесі ұлына көрсетілген қорлық туралы айтты

Астанада тергеу изоляторынан қашқан жігіттің әкесі ұлына көрсетілген қорлық туралы айтты

Соққыға жығып, қолын сындырған. Астанадағы тергеу изоляторынан қашқан Ерасыл Арғымбаевтың әкесі ұлын түрме қызметкерлері себепсіз таяқтың астына алған деп Бас прокуратураға шағымданбақшы.

Қазір ол ұлының себепсіз таяқ жегенін дәлелдеу үшін медициналық сараптама қорытындыларын алып, адвокат жалдап жатыр. Қарағанды облысының тумасы, 36 жастағы Ерасыл Арғымбаев 25 ақпан күні абақтыдан қашқан болатын. Полицейлер оны екі күн дегенде, Қарағанды облысының Нұра ауданында, үйіне бара жатқан жерінен ұстады. Ал абақтыдағы бүліктің мән-жайына қатысты Ішкі істер министрінің өзі түсініктеме беріп, бір шикілік бар екенін айтқан еді. Қазір сол изолятордың өзінде қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Ал Арғымбаев бұған дейін банкоматтан ақша ұрлап бес жылға сотталған екен. Ол бұл қылмысқа дертке шалдыққан ұлының еміне ақша табу үшін барды дейді әкесі.

Қайыргелді Арғымбаев, сотталған Е. Арғымбаевтың әкесі:

- Серуендеу алаңқайында соққыға жыққан. Үш жыл қосып береді тағы да. Үш жыл бергеннен кейін изолятордан алып келеді де мына жаққа келеді. Мына жаққа келгеннен кейін бұлар ұрады. Қолын сындырады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде