Халықты көшеде дәретке отырмауға үгіттеп жүрген министр өзі дәрет сындырды
Үндістанның Раджастхан штатында жергілікті денсаулық сақтау министрі жол бойында тұрып дәрет сындырған сәтте көпшіліктің көзіне түсіп қалды.
11:54 16.02.2018
Жол бойындағы қабырғаға кіші дәретін сындырып тұрған Кали Чаран Сарафты Джайпур қаласының тұрғындары бірден танып, оны ұялы телефонның бейнекамерасымен фотоға түсіріп алған.
Аталған министрдің «Бхаратия джаната парти» деп аталатын билік партиясына мүше екені белгілі. Оның анайы фотосуретін оппозициялық партия өкілі өзінің Twitter-парақшасына жариялады.
Сараф өзінің бұл әрекетіне қатысты нақты түсіндірме бермеді. Тек "шарасыздықтан болды" деп бір ауыз пікірін білдірген. Алайда, жергілікті тұрғындар болса министрдің бұл әрекетіне жаппай наразылықтарын білдіруде.
"Егер ол Нью-Йоркте жүрсе көшеге дәрет сындырмас еді", - деп жазды Джайпур тұрғындары әлеуметтік желілерде.
Айта кетейік, Үндістан премьері Нарендра Моди 2014 жылы билікке келісімен "Таза Үндістан" деген бағдарлама қабылдаған болатын.
Ол үнділердің көшеде отырып үлкен-кіші дәрет сындыруына қарсы бағытталған. Аталған бағдарламада 2019 жылға дейін әрбір үнді азаматы таза ауызсуға және жеке дәретханаға қол жеткізуі тиіс деген тапсырма бар.
Сол уақыттан бері Үндістанда 60 миллион дәретхана салынды. Алайда, әлі 500 миллион тұрғын әліге дейін көшеге дәрет сындырып жүр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!