Тергеу изоляторынан қылмыскер қашып кетті
ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесінің комитеті Астанадағы тергеу изоляторынан қылмыскер қашып кеткенін мəлімдеді.
09:00 26.02.2018
Бір қабаттағы ғимаратта серуендеуге арналған алаңда жүрген қылмыскер шатырдан шағын қоршауға секіріп қоршаудан қашып шыққан.
Астана ІІД криминалдық полициясы таратқан ақпаратқа сəйкес, кеше сағат 11шамасында ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы, 2-тармағы бойынша бес жылға сотталған 1982 жылғы Арғымбаев Ерасыл Қайыргелдіұлы Астанадағы ЕС-166/1 мекемесінен қашып кетті.
"Е.Қ.Арғымбаев Қарағанды облысы Нұра ауданының Киевка ауылында дүниеге келген. Бұған дейін Қылмыстық кодекстің 251-бабы, 1-тармағы (2008 ж.), 120-бабы, 1-тармағы (2012 ж.) және 188-бабы, 2-тармағы бойынша сотталған болатын. Қылмыскердің үстінде көк бушлат, ал басында қара бас киім болды", - делінген ресми xабарламада.
Астана қалалық Ішкі істер департаменті Криминалдық полициясы қылмыскерді көрген, я болмаса, ұстаған жағдайда 8 (71772) 71-60-10, 53-19-64, 8-701-673-62-68 телефондары бойынша xабарласуды сұрайды.
Айта кетейік, әлеуметтік желіде Астананың шығаберісінде көлік кептелісінің басталғаны туралы ақпарат та тарап жатыр. Қолданушылардың сөзіне қарағанда, тәртіп сақшылары әрбір көлікті жіті тексеруде.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!