{metadescription}
Сирияда ресейлік ұшақ апатқа ұшырап, 32 адам мерт болды

Сирияда ресейлік ұшақ апатқа ұшырап, 32 адам мерт болды

Сирияда ресейлік Ан-26 ұшағы жерге қонғалы жатқанда апатқа ұшырап, 32 адам мерт болған.

Бұл туралы РФ Қорғаныс министрлігі хабарлаған.

«6 наурызда Мәскеу уақытымен 15:00-де Хмеймим әуе айлағына қонайын деп жатқан Ан-26 ресейлік көлік ұшағы апатқа ұшырады. Алдын ала дерек бойынша, ұшақтың бортында 26 жолаушы мен экипаждың алты мүшесі болған. Олардың барлығы қаза тапты», - делінген хабарламада.

«Алдын ала дерек бойынша, әуе апаты техникалық ақау салдарынан болған», - деп мәлім еткен әскери ведомстводан. 

Дереккөз: ТАСС

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.