{metadescription}
Ерасыл Әубәкіровті азаптап жатқанда оны бейнетаспаға түсірген адамды не күтіп тұр?

Ерасыл Әубәкіровті азаптап жатқанда оны бейнетаспаға түсірген адамды не күтіп тұр?

Ерасыл Әубәкіровтің өліміне қатысты тергеуде оның азапталған сәті түсірілген бейнетаспа аталмыш істе қандай рөл атқарады?

Бұл туралы «Черный квадрат» бағдарламасының авторы, жүргізушісі, жетекшісі Валерий Тараканов былай дейді:

«Егер бейнеспаға түсірген адамның көзінше басына қап кигізіп, күштеп көлікке  мінгізіп, сол күйде жол жүріп, байлап-маталған күйі белгілі бір жерге жеткізілсе, байланған күйі төсекке жатқызылса – соның бәрін бейнекамераға түсірген адам, іс жүзінде, қылмыскер сыбайласының рөлін атқарғанмен тең. Ал ол адам пәтерге келіп, достарының жәбірленушіні байлап, диванға жатқызып  қорқытып, тепкілегенін білдірмей бейнекамераға түсіріп, бір сылтаумен кетіп қалса, яғни, оның қатысуымен қылмыстың ауыр зардабының салдары болмаса, ол адам жәбірленушінің  күштеп ұрланғанын білмеуі де мүмкін. Бейнетаспаға түсірген адам кетіп қалуы мүмкін және  ол үшін жауапқа тартылмауы мүмкін. Иә, белгілі бір сәтін ол байқады,балағаттаған жоқ, қорлаған жоқ, қол көтерген жоқ, кетіп қалды. Кетіп қалған соң жәбірленуші өлтірілді. Яғни, бұл жерде ол адам өлтірілгені туралы білмеуі мүмкін. Сондықтан ол адамға адам өлтірілгені туралы ақпаратты хабарламады, ауыр қылмыс жасады деуге негіз жоқ».  

Егер тергеушілер орынды деп тапса, ҚР ҚК «Қыстыс туралы хабарламау» бабы бойынша тергелуі мүмкін. Айыппұлы 100-200 АЕК немесе бір жылға дейін бас бостандығын шектеу қаралған. Ал жігіттің құқыққорғау органына бейнетаспаны өз қолымен әкеліп бергені ескерілсе, оның пайдасына шешілуі мүмкін. 

«Әрине, бұл қылмыс жасағандарға қарсы мықты дәлел. Бұл жігіттің іс-әрекеті құқыққорғау органына жасалған белсенді көмек,бірлескен қызмет болып қаралуы да мүмкін», - дейді Тараканов.

«Черный квадрат» авторының айтуынша, тіпті болмағанда аталмыш әрекетті өз кінәсін мойындап келді деп рәсімдеуі мүмкін.

Қазір атышулы бейнетаспаны жеткізген жігіт оқшаулағышта қамауда отыр.    

Естеріңізге сала кетсек, осыдан екі күн ұрын Астана қаласында 3 ақпанда жоғалып кеткен дәрігер-студент Ерасыл Әубәкіровтың өлі денесі табылған болатын. Оны іздеуге полицейліктермен бірге туыстары, достары, курстастары жұмылдырылған.

Құқыққорғау органының өкілдері әзірге аталмыш оқиғаны жан-жақты айтпағанымен, жақын арада біздің редакциямызға тергеуді егжей-тегжейлі хабарлауға уәде берді.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде