{metadescription}
Тірнектеп жиған зейнетақымыздың қызығын көре аламыз ба?

Тірнектеп жиған зейнетақымыздың қызығын көре аламыз ба?

Өмір бойы еңбектеніп келіп, қартайған шағымызда құр алақан қалмаймыз ба? Жиған-терген маңдай тер ақшамыз – зейнетақымыз қолымызға тие ме, оның қызығын көре аламыз ба?

Қазақстан Даму банкісіне (ҚДБ) 65 млрд теңгенің бөлінуі біз үшін назардан тыс қалмады. Қазақстан экономикасын жандандыру мақсатында жұмсалатын Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) активтері туралы сараптамашылар не дейді?

Өткен аптада «Қазақстан даму банкі» АҚ Басқарма басшысы Болат Жәмішев ҚДБ Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан 65 млрд теңге алып, оны тоғыз қазақстандық жобаның қайта құрылуына жұмсайтынын айтқан болатын. Әр тиынның қайда, қалай жұмсалатынын егжей-тегжейлі түсіндірмесе де, төрт жоба «қарыз валюта теңгеге ауыстырылу мақсатында қаржыландырылады», сондай-ақ ҚДБ-дегі зейнетақы ақшасын облигацияларды сату арқылы тартатынын мәлімдеген.

КТК тілшісі «ҚДБ – зейнетақы ақшасын инвестициялауға сенімді ме?», «Бұдан не күтуге болады?» деген сауалнама жүргізді.

«Финпотребсоюз» басқармасының төрағасы, Зейнетақы қорлары ассоциациясының бұрынғы басшысы Айдар Әлібаев:

«65 миллиард теңгенің аталмыш банкке құйылуы  - тиімді инвестициялық шешім деп айту қиын. Біріншіден, белгілі бір банкке қаржы аударған кезде қандай мақсатқа,  қандай жобаларға, қай жерде жүзеге асырылады, оның бағасы қанша, күтілетін тиімділігі  қандай, қандай өнім немесе қандай мақсат  іске асырылады, өзін-өзі ақтап алатын мерзімі қанша,  бұл жобалардың кірісі бар ма деген сұрақтарға жауап  НАҚТЫ және АШЫҚ  жариялануы керек».

 Бұрынғы Жекеменшік зейнетақы қорларының басшысы (аты-жөнін атамауды сұрады);

«Қазақстан даму банкі  - мемлекеттік мекеме болғандықтан, оған сенім артуға болады. Тіпті аталмыш жобалар іске аспай қалған жағдайда,  халықтың ақшасы сақталып қалады. Мемлекеттік бағалы қағаздарға инвестиция құйған кезде тәуекелге бел буасың. Ал бұл жерде  салымшылардың алдында жауапкершілік ҚДБ-не  жүктелді. Оның акционері – мемлекет. Қандай да бір жоба болмасын, ол  зауыт құрылысына ма, әлде құрылымдық жоба ма, ҚДБ актив аударған кезде ұлттық мүддені көздейді.  Тіпті ҚДБ-нің бір ресурс экономикасына аударылған несиесі дефолтқа ұшырап қалды деп көз алдымызға елестетсек, онда салымшылардың алдында тек Қазақстан даму банкі ғана жауап береді. Аталмыш мәселеде тек мемлекет жауапты».

Сондай-ақ, сарапшы   жинақталған зейнетақыны қалай бақылап, қайда жұмсалып жатқанын біліп отырудың жолдарын айтып өтті.

«Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) арқылы электронды форматта Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы  қоры (БЗЖҚ)  көшірмесін алуға болады. Онда мындай баған (графа) бар: инвестициялық кіріс. Яғни, активтер -  жинақталған сома және инвестициялық кіріске бөлінеді. Егер адамның жоғары білімі  жеткілікті болса, кейбір қаржылық  математикалық цифрды түсінсе, ол сол цифрлардан өз жинағының кірісін біліп отырады».

Неліктен Қазақстан даму банкі қазақстандық жобалар үшін тап осы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы  қорынан қаржы сұрады?

«Жалпы, ҚДБ өз облигацияларын халықаралықаралық рынокқа қойып-ақ, бюджеттен қаржыландырылуына мүмкіндігі бар. Яғни, ҚДБ-нің қаржы алу жағдайы мол. Мәселе неде? Зейнетақы активтері – бұл ішкі активтер, ол теңге қалпында және ұзақ уақытты, себебі адам тап бүгін зейнетке шықпайды. Сондықтан экономиканы  несиелендіріп, валюталық тәуекелге бел бумау үшін қаражатты  ел ішінен іздеген тиімді. ҚДБ тұрғындардың депозиттеріне жұмыс істемегендіктен, оның жалғыз шығар жолы – өз облигацияларын қаржы рыногы нысанына қоюды көздейді. Ол - банктер, заңды тұлғалар, және т.б. болуы мүмкін. Әрине, бұл жерде коммерциялық әрекет бар. Егер сіз жылдам алатын қарыздың пайыздық мөлшерлемесін қарасаңыз, жылына 15-16 пайыз, бұның тиімді емес екеніне көзіңіз жетеді. Сондықтан ұлттық инвестордан алған әлдеқайда тиімді. Ал біздің елдегі ұлттық инвесторлар - қамсыздандыру компаниялары және БЗЖҚ. Сол себепті  ҚДБ  БЗЖҚ-нан ақша алғанда, ол девальвациядан қорғалып қалады және ұзақ мерзімділігі тиімді. Айта кету керек, Қазақстан даму банкі  мемлекеттік мекеме болғандықтан, ол сенімді серіктес. БЗЖҚ активтері құрдымға кетті деген жағдайда да, халық жинақталған ақшаға сенім артуына болады».

Экономикалық шолушы Денис Кривошеев:

«Шын мәнісінде, бізді қанша уатқанымен, БЗЖҚ  аузы-мұрнынан ақшаға толып тұр деу қиын. Портфель туралы өз пайымдауымша, 60 пайызынан астамы Қаржы министрлігінде, яғни  мемлекет пайдаланып отыр.  Ал қазір мемлекет зейнетақы қорынан тағы да «тұздығын дайындап»  ақша суырып алып, Қазақстан даму банкісін қайта қаржыландырмақшы. Біз қаласақ та, қаламасақ та,  ақшаны алады.  Бұл жерде маңыздысы, ҚДБ  қаражатты  қайда жұмсайды?  Қайда құяды? Не нәрсені қайта қаржыландырады?  Неліктен бұрын  алған қарыздарды қайта қаржыландықмақшы? Бұл ҚДБ компаниясына және «Бәйтерекке» менің сұрақтарым көп-ақ.  Бәлкім,  қайта қаржыландырудан бұрын  алдын ала егжей-тегжейлі тексеріп, бағасын беріп, қаншама жылдар бойы не  бітіріп, не тындырғанын   білген  дұрыс болар?  Ал зейнетақы қорындағы ақша таусылғанда  бізді не күтіп тұр? Міне, бізге осы сұрақтардың  жауабы қажет».

БЗЖҚ Басқармасының төрағасы Руслан Ерденаев:

«Халықтың жинаған зейнетақысы сенімді қолда. Қор қаражатын тек инфляция деңгейінде кіріс тапқан компанияларға  инвестициялауды жоспарлап отырмыз.  Бұндағы қоятын  ең басты шартымыз  – ақшаны міндетті түрде қайтару».

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.