Ақша айырбастау пункттеріне неліктен "ерік берілді"?
Ұлттық банк ақша айырбастау пункттеріне 10 ай мерзім беріп отыр. Осы уақыт ішінде ақша айырбастау орындары демалыс және мереке күндерінде де шетел валютасын сату/сатып алуда бағамды өзгертуге рұқсат берілді. Қаржы реттеуші осы жылдың 31 желтоқсанына дейінгі мерзімге белгіленді, деп хабарлайды КТК тілшісі.
Автор: Заира Сабитова
Жеке тұлғаларға қойылатын талап та өзгерді: бұдан былай валюта сату/сатып алу бір миллион теңгеге дейін шектеулі. Яғни, бұдан артық ақшаны ауыстыру үшін жеке куәлік көрсетуіңіз қажет.
Сондай-ақ, жаңа жарлықта ақша айырбастау пункттері өз кассасын тоқтаусыз толықтыру үшін уәкілетті банктермен келісім-шартқа отыруға міндетті. Осы тұрғыда белгілі экономист Ғалым Құсайынов былай дейді:
«Ақша айырбастау орындары мереке және демалыс күндері валюта бағамын өзгерте алмағандықтан шығынға ұшырап келді. Біз басқа да елдермен байланыстамыз. Мысалы, әлемде белгілі бір жағдаймен өзгеріс болып жатса, ол біздің елге де әсер етеді. Белгіленген бағам ақша айырбастау пункттерінің мереке күндері жұмысын тоқтатуға, болмаса шығынға батып жұмыс істеуге мәжбүрледі. Сондықтан Ұлттық банктің бұл шешімі - қажеттіліктен туып отыр».
Демалыс күндері бағамды өзгертпеу туралы бұрынғы жарлық халықты қанағаттандыру үшін енгізілген болатын. «Ақша айырбас пункттерінің демалыста долларды сату/ сатып алуының арасында үлкен бытыраңқылық орын алып, тұрғындар зардап шекті. Сондықтан халық мүддесін қорғау мақсатында аталмыш шектеулер енгізіліп отыр. Бірақ, валютаны еркін айналымға жібердік, бұл қандай да күн болмасын белгілі бір шектеу қойылмайтынын білдіреді. Бағам рынок арқылы анықталады. Егер бұған рыноктық алғышарт болса, онда айырбас пункттері кез келген уақытта бағамды өзгертеді.
"Валюта айырбастауда рұқсат етілген деңгейінің төмендеуі жайлы айтсақ, менің ойымша, бұл қауіпсіздік мақсатта өте дұрыс шешім. Валюта айырбастаған кезде жеке куәлік көрсетуде тұрған еш оғаштық жоқ. Ұлттық банктің бұл шешімі ел экономикасындағы көлеңкелі кірістердің және қылмыстық, заңсыз сипаттағы валюта айырбастаудың көлемін азайту мақсатында жасалып отыр. Сонымен бірге ақпарат жинау шығыны ақпараттан түсетін пайдадан аспауы тиіс. Ойлаңызшы, егер 100 мың теңгелік шектеу қойсақ, жұрт жабыла өтініш жазады, ал оны өңдеуге уақыт керек, демек ол тиімсіз. Сондықтан оптималды сома - миллион теңге. Қазір бұл үш мың доллар. Бұндай соманы екінің бірі айырбастап жатқан жоқ, сол себепті бұл үрдісті қадағалу оңай. Жиналған мәлімет арнайы инстанцияға жіберіледі. Егер күдік тудырса, кімнің, нені, қандай мақсатта айырбастағанын бірден анықтауға болады», - дейді Ғалым Хусаинов.
Үшінші енгізіліген жаңалық – банктер мен ақша айырбастау пункттерінің міндетті түрде бірге қызмет істеуі. Сарапшылар бұны құптап отыр. Олардың пайымдауынша, бұл қатардағы қазақстандықтардың мүддесін қорғау үшін енгізілген.
«Айырбастау пункттері үзіліссіз жұмыс істеп, кассада үнемі қолма-қол ақша тұруы жасалған деп ойлаймын. Өйткені үлкен дефицит кезінде көптеген айырбастау пункттерінде қажетті валюта болмай шығады. Яғни, тұрғындардың енді кез келген уақытта кез келген валютаны айырбастауға мүмкіндігі бар».
Қандай да дағдарыс қыспаққа алып жатса да, ақша айырбастау пункттері жоғалып кетпеуі тиіс.
«Ақша айырбастау орындары – қаржы жүйесінің бір бөлігі. Қазақстандықтардың қолындағы ақшасы айырбастау операциясы арқылы өтіп жатыр. Бұл сату мен сатып алу арасында үлкен бытыраңқылыққа және банктердің пайдаға кенелуіне жол бергізбейтін бәсекелестік орта. Менің ойымша, ақша айырбастау пункттерінің болашағы зор және оның қызметі қарқынды болмақ», - дейді Ғалым Құсайынов.