{metadescription}
Наурызда қандай әрекеттерге тыйым салынады?

Наурызда қандай әрекеттерге тыйым салынады?

Үйінде Наурызға қатысты еш дайындық жасамай, шөп басын сындырмай, бір адамға наурыз көжеден ауыз тигізбей-ақ, көшеде қыдырып келіп «Наурызды мерекеледік» дейтіндер толып жатыр. Маңдайымызға бұйырған жалғыз дәстүрлік мейрамды ардақтап, ұлтымыздың бойына сіңіру - парызымыз.

Ұлыстың ұлы күні қандай әрекеттерге тыйым салынғаны туралы ҚР мәдениет қайраткері, халықаралық журналист, ф.ғ.к. доценті Қуандық Шамахайұлы бір-екі ауыз сөзбен былай дейді:

Бұл күні іс тігуге, әсіресе ескі киімнің жыртығын жамауға болмайды. «Ескімен алысқанның есі кетеді».
Бөтен үйге қонуды сол жыл бойы үйіне тоқтамай алыс сапарда болудың нышаны санаған.
Жылап-сықтау, жүз шайысу, боқтасу сияқты жат қылықтар жасаса, жыл бойы жанжалдан құтылмайды деп сенген. 
Күндіз жатып ұйықтауға тыйым салған. Төсек тартып жатқан науқастың өзі отырып, бір сәт көңіл көтеруге тиіс болған.

Қуандық Шамахайұлы мынадай пікір білдірді:

«Біріншіден, жылдық жұмысты Наурыз мейрамы қарсаңында қорытындылап, мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік шыққан үздіктерімізге осы мерекеде мемлекеттік  марапаттар мен атаулы сыйлықтарды ұсынуды дәстүрге айналдырсақ – Ұлыстың ұлы күнінің абыройын көтереді.

Екіншіден, мерекеге орай мемлекет басшысы рақымшылық жариялап, бұрын істі болған, кінәлерін ашық мойындаған, жасаған қылмысына ШЫН өкінген адамдарға өз Жарлығымен бостандық берілсе. Мұндай әрекет дәстүрімізге сай келуімен қатар биліктің беделін көтереді, халықтың мемлекетке деген сый-құрметін арттыра түседі.

Үшіншіден, Ұлыстың ұлы күні мерекесінің даңқын көтеріп, абыройын асқақтату және халықтың асыға күтетін мейрамына айналдыру үшін күнтізбелік бес күн демалыс тағайындалып, әр мекеме меншік нысанына қарамастан, сыйақы тағайындауды Үкімет қаулысымен заңдастыру керек».

Бұл жерде Наурыздың  дәстүрін жіті зерттеп, салт-санасын мейлінше қатаң сақтауымыз қажет. Дәстүр – озық үлгіні қабылдай отырып, ары қарай ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып сақтау. Дәстүр  - халықтың зияткерлік меншігі. Дәстүрінен айырылған ел де, ұлт та жер бетінен жойылып кетеді. Сондықтан, қазақты өз болмысымен сақтау үшін салт-дәстүрі оның түпкілікті қайнар көзі болады, - дейді Қуандық Шамахайұлы.  

Наурыз мерекесін түтін түтетіп отырған әрбір шаңырақ таза пейілімен өз жанұясында терең сезінуі керек. Қазақ баласы ежелден Ұлыстың Ұлы күнінде аға буынға ілтипат танытып, бала-шағасына қуаныш сыйлап, бір-біріне тарту-таралғы жасап, ағайын-туыс, құда-жегжат, көрші-қолаңдарымен жиналып ойын-сауық құрған. Бір сөзбен айтқанда, Наурыз ШЫНАЙЫ тойлануы тиіс. 

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.