{metadescription}
Шетелдік азамат жерімізді бүлдіргені үшін қылмыстық жауапқа тартылуы қажет – ұсыныс

Шетелдік азамат жерімізді бүлдіргені үшін қылмыстық жауапқа тартылуы қажет – ұсыныс

Еліміздегі шаруа қожалықтарының қожайындары қаржы тапшылығынан қиналып отыр. ҚР Фермерлері одағының басшысы қаржының қалай, қай жерден қайда жөнелтіліп жатқанын түсіндіріп берді.   

Қазақстандық белгілі аграрлық қызметкер Иван Сауэрдің мәлімдеуінше, отандық ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер қаржыға тапшы.  

Айта кету керек, мемлекетіміз аталмыш салаға жыл сайын қомақты сома бөледі. (Мысалы, Қазақстанда 2011 жылы шағын және орташа фермерлік шаруашылықтарды несиелендіруге 14,9 млрд теңге бағытталды).  

Сауэр мырзаның мәліметінше, бөлініп жатқан ақша қымбат көліктер мен ұшақтарға жұмсалып жатқан көрінеді.

«Қазақстан фермерлері одағы» РҚБ басшысы Әуезхан Дәріновтан  электрондық БАҚ-да жарияланып жатқан Иван Сауэрдің мәлімдемесіне түсініктеме беруін сұрадық. Ол  шаруаларға  расында да қаржы жетіспейтінін айтты. 

Миллион, миллиардтаған қаржы қайда кетіп жатыр?

«Шағын және орташа фермерлік шаруашылықтарға  қаржы  жетпей жатқаны рас. Біз, Фермерлер одағы, бұл мәселені бірнеше рет көтердік. Ал ақшаның джип, ұшақ, тағысын тағыларға  жұмсалып жатыр деген сөзін растай алмаймын.  Ондайға есеп жүргізген жоқпыз, ол ақпаратты қайдан алғанын өзі айтып берсін», - деді Дәрінов.

Дәріновтің айтуынша, агроөнеркәсіп кешеніне бөлген бюджет қаржысының басым бөлігі ірі агрохолдингтер мен солармен үлестес кәсіпорындарға жұмсалады, ал қарапайым шаруаларға ақша қалмайды. Және осындай жағдай жыл сайын қайталанып отырады екен.

«Қаржы  бөлінеді, бірақ оны көбінесе холдингтер алады, ал шағын және орташа фермерлік шаруашылықтарға жетпейді.  Холдингтер жыл сайын ақша алып, бөлшектеп қайтарады. Мәселен, бір холдинг 10 миллиард теңге алса, бес миллиард қылып қайтарады, яғни, 5 млрд қарыз боп қалады. Келесі жылы қайтарамыз деп уәде беріп, тағы да 10 млрд алады. Міне, 20 миллиард алды, ал қайтарғаны, мысалы, тек 8 млрд.теңге.  Осылайша қарыз жиналып қалды. Президент кәсіпкерлердің ұлттық палатасы мүшелерімен кездесуінде  төрт  холдинг  800 миллиард теңге мемлекетке қарыз екенін айтқан болатын. Ал келесі жылы қаржыны қалпына келтіру үшін тағы да 300 миллиард  бөлінеді, оны тағы да қарызгерлер алады. Мінеки, қыруар ақша қайда жұмсалынып жатыр!», - деп мәлімдеді ҚФО басшысы.

Дәріновтің пайымдауынша, мемлекеттен көмек алған шаруашылықтар туралы ақпаратты ашық жариялау керек және ҚР Жер туралы жаңартылған кодексінде тиісті норма жазылуы тиіс.

«Қазір біз Жер кодексіндегі өзгертулерге жарияланған мораторийге байланысты бұл мәселелерді кешенді шешіп тастаймыз деп ойлап  жүрміз. Президенттің «барлығы пікір білдіріп, ойындағысын айтсын» деген мүмкіндігін пайдалана отырып, заңнаманы жақсарту мақсатында өз ұсынысымызды айтқымыз келеді».

«Ресми құрастырылған бағдарлама бар. Онда ауыл шаруашылығын жақсартудың жолдары белгіленген. Мысалы, қазір ауылға нақты көмек беру, біріншіден, ауылдан жұрт жаппай көшпеу үшін, екіншіден, адамдар қаладан ауылға көшу үшін жағдай жасау».

Қазақстан фермерлері одағы басшысының  пікірінше, ауылға мектептер, медпунктер, дамыған коммуникация және инфрақұрылым қажет.

Сансыз көп мұқтаждықтарға қаржыны қайдан алу керек?

«Қазір  мемлекет бюджетіндегі ақшаны қайта қарау керек. Қаржының қайда жұмсалынып жатқаны ашық жарияланбайынша, оны ешқашан білмейміз. Ал бәрі ашық жарияланып отырса, қанша ақша жеткіліксіз екенін көріп, инвестиция тартамыз. Бірінші кезекте отандық инвесторларды тартамыз. Елбасы оларға миллиардтарын  жария етіп, ауылға қаржы құюға мүмкіндік берді. Ал егер жер бола тұра, отандық инвесторлар жетіспесе, шетелдік инвесторларды неліктен тартпасқа? Бүкіл әлемде солай жасалады, қорқудың қажеті жоқ. Оның  бір пайдасы – өз адамдарымыз жұмыс істей бастайды. Шетелдіктерге өз талабымызды қойсақ, 50-100 жұмыс орындары пайда болады. Олар жерімізді бүлдіреді деп қорқудың қажеті жоқ – оны арнайы комиссия бақылайды. Жер кодексіне шетелдіктер жерімізді бүлдірсе, қылмыстық жауапқа тартылады деп белгілеу қажет. Сонда  тәртіп болады», - деп қорытты Дәрінов.  

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде