{metadescription}
Зейнатақы қорын таратудың оң және теріс жақтары

Зейнатақы қорын таратудың оң және теріс жақтары

Билік басындағылар қазақстандықтардың Ұлттық бірыңғай зейнетақы қорындағы өз шоттарынан қанша қаражат алуға болатындығын шешіп жатыр. Шамаланған мәліметтер бойынша, қор қаражаты тек қана баспана сатып алуға, ауыр дерттен емделуге және білім алуға беріледі.

ҚР Ұлттық Банк төрағасы Данияр Акишев қазақстандықтардың зейнеткерлік демалысқа шықпай тұрып өз зейнетақыларын алу мүмкіндіктері бар екенін тағы да атап өтті. Алайда бұл сұрақ күн тәртібінде енді пайда болғасын, оның жүзеге асу мерзімдері туралы айту ертерек. Алдымен зейнетақы қорының қандай сомасын жеткілікті деп есептеуге болатынын анықтау үшін маңызды есептеулер жүргізу қажет, басқаша айтқанда, артық қорға не жататынын айқындағанымыз жөн.

Өздерінің артық зейнетақылық қаражатын білім алуға, баспаналы болуға және емделуге жұмсау мүмкіндігі қазақстандықтарды сәйкесінше  мол табыс тауып, жинақтауға итермелейді.

Ranking.kz талдаушыларының жаңа зерттеуінде  қазіргі таңда қазақстандық азаматтың орташа статистикалық табысы 128,4 мың теңгені құрайды. Ең жоғары табысты Астана және Алматы тұрғындары табады, ал ең төмен  табыс иелері оңтүстік аудандардың халқы болып есептеледі. Оңтүстік астанамызда жан басына шаққанда табыс 212 мың теңгені құрайды. Астана тұрғыны айына орташа есеппен 175,5 мың теңге көлемінде табыс табады. Сондай-ақ Маңғыстау, Қарағанды, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында табыс көлемі жоғары. Ал Қызылорда, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан тұрғындары айына шамаммен 100 мың теңгені қанағат тұтпақ.

Ендеше, зейнетақы мәселесіне оралайық. Мұқтажсыз кәрілікке қажетті зейнетақы қорындағы артық қаражатты  адам ойына келген барлық нәрселерге бере бермейді.  Біздің білуімізше, билік басындағылар қазір шетел тәжірибе сін зерттеп, ҰБЗҚ-ынан қаражатты мерзімнен бұрын алу шарттарын қалыптастырып жатыр. Осылайша, зейнетақы қорындағы артық қаражат есебінен жылжымайтын мүлік сатып алу, мәселен ол жалғыз баспана болса ғана рұқсат етіледі.

Өз күшін жоғалтқан Зейнетақы қорларының Ассоциациясының бұрынғы басшысы, «Финпотребсоюз» Басқарма төрағысы Айдар Алибаев халыққа зейнетақы қорын мерзімінен бұрын тарату идеясын қате деп есептейді. Ол мұндай жағдайда ҰБЗҚ қарапайым депозитке айналады деп қауіптенеді.

«Бұл қаражаттың мақсаты – кәрілікті қамтамасыз ету. Одан кейін, «зейнетақы қорының  жеткілікті сомасы» деген нені білдіреді? Бұл көмескі анықтама. Біріншіден, әр адамның зейнетақы қорындағы сомасы әртүрлі болуы мүмкін. Екіншіден, бірнеше ай бойы жүзден артық пайызға құнсызданған ұлттық валютаның «секірмелі» күйінде біз қандай зейнетақы қорының жеткіліктігін айтып отырмыз? Бір айдан кейін не боларын білмей отырғанда, бірнеше жылға ілгері қалай болжамақпыз?

«Сондықтан жылжымайтын мүлік немесе қандай да бір қызмет/тауар алуға қаражаттың берілуі әсте мүмкін емес», - деп Алибаев пікірін білдірді.

Алайда ол Ұлттық Банктің барлық ұсыныстарын сынға алмады.

«Бірақ мен егер адам ауыр дертке шалдығып, емделуге қаражат сұраса, оның зейнетақы қорының қандай да бір бөлігін алу құқығын азаматтарға беру ұсынысымен келісемін. Әрине, егер ауруға шалдыққан адамның қолында дәл қазір емге ақшасы болмаса, онда оның зейнетақы қорындағы қаражатты беруге болады деп ойлаймын. Бұл ерекше жағдай», - деп Айдар Алибаев өз ойын қорытындылады.

Қазіргі таңда ҰБЗҚ-да аз да емес, көп те емес, шамамен алты триллион теңге бар! Айта кететіні, азаматтардың зейнетақы активтері ел экономикасының әр түрлі қажеттіліктеріне белсенді түрде таратылып жатыр. Мәселен, 2016 жылдың мамырында Ұлттық банк отандық банктерге ҰБЗҚ-нан шағын және орта бизнесті кредиттеуге 62 миллиард теңге бөлді. Бұған дейін, үстіміздегі жылдың ақпан айында Қазақстанның Даму банкі тоғыз қазақстандық жобаны қайта құрылымдау мақсатына ҰБЗҚ-нан 65 миллиард теңге алды. Сондай-ақ, фермерлерге де көмек беру жоспарланған.

Әрине, ҰБЗҚ-нан қаражат алғандарға ақшаны кейін қайтаруға тура келеді. Еліміздің басшылығы бұл болашақ қазақстандық зейнеткерлердің жинақтық табысын арттырады деп санайды. Экономикалық дағдарыс кезінде инвестициялық табыс алу өте маңызды болып келеді,- деп Алибаев ой қосты. Алайда ол бұл әрекеттің тиімділігіне күмәндана қарайды.   

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде