{metadescription}
Түркиядағы лаңкестіктер: қаза болғандар арасында қазақстандықтар жоқ

Түркиядағы лаңкестіктер: қаза болғандар арасында қазақстандықтар жоқ

Стамбұлда қаза болған 50 адамның арасында Қазақстан азаматтары болмады. Бірақ бұл ақпарат тағы да тексеріледі. Бұл алдын ала болжам ғана.

Сыртқы істер Министірлігі баспасөз қызметінің басшысы Ануар Жайнақов КТК тілшісіне осылайша хабарлады.

«Стамбұлда лаңкестіктің орын алғандығы туралы хабар таратылғаннан соң біздің Бас Консулдық қызметкерлері біздің азаматтар жөнінде мәліметтерді анықтау шараларын бастады. Олар жараланғандарды қабылдап жатқан емханаларды аралап, жергілікті өкілетті және тәртіп сақтау органдарымен тығыз байланыс орнатты. Атқарылған жұмыс нәтижесінде қаза болғандар мен жараланғандар арасында біздің азаматтардың жоқ екендігі белгілі болды. Қаза болғандар қатары әлі де анықталып жатқандықтан, бұл мәліметтер жаңартылып отырады», - деді Жайнақов.

Сондай-ақ ол қазіргі таңда Стамбұлда болуы мүмкін отандастарымыздың санын хабарлады.

«Біз Стамбұлға сапар шеккен адамдардың санағын жүргізбейміз, алайда өз еркімен тіркелген Қазақстан Республикасының азаматтары жөнінде ақпарат бар. Стамбұлдағы Бас Консулдықтың тіркеуінде 450 астам қазақстандық тұр», - деп толықтырды баспасөз қызметінің басшысы.

Еске сала кетсек, 28 маусымда Стамбұл әуежайының халықаралық терминалында үш жанкешті лаңкес өз-өзін жарған болатын. Нәтижесінде 50 адам қаза тапты. Стамбұлға оқиға орын алған жерге сапар шеккен Түркия Премьер-министрі Бинали Йылдырым осындай хабар берді. 147 адам жараланған.

Кейбір мәліметтерге сүйенсек, лаңкестер өзін жарудан бұрын айналасына автоматты қарудан оқ жаудыртқан. Қазір әуежай толығымен жабық, әуе айлақтарының кіреберісінде күзетші жасақтар тұр. Терминал ішінде әлі де қызметкерлер мен жолаушылар қалған. Денсаулық Министрлігі лаңкестік орын алған жерге 20 астам жедел жәрдем бригадасын жіберген.

Шетел баспасөз өкілдерінің хабарлауынша, жарылыстан соң куәгерлер терминал ғимаратынан қашып бара жатқан төрт қаруланған адамды байқаған. Кейбір мәліметтер бойынша, атыс даусы әуежайдың автотұрағынан шыққан, алайда бұл мәлімет әлі дәлелденбеген.

Бүгінде әуежай әуедегі рейстерді қабылдап жатыр, бірақ ұшақ жерге қона салысымен барлық жолаушылар мен экипаж мүшелері жедел түрде әуежай аймағынан шығарылады. Жоспарланған рейстер уақытша тоқтатылған.

Бүгін, 29 маусым, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия басшысына көңіл білдіріп, телеграмма жолдады. Елбасы лаңкестіктің мұсылмандар қауымы үшін Қасиетті Рамазан айында орын алғандығы ешкімді елеңсіз етпейтіндігіне назар аударды. Телеграммада  Президенттің нәтижесінде бейкүнә азаматтар жапа шегіп, қаза болған Стамбұл әуежайындағы қаралы оқиғаны азалы түрде қабылдағаны хабарланады. 

«Қазақстан әлемдік қауіпсіздікке қатер төндіретін халықаралық экстремизм мен лаңкестік әрекеттерін үзілді-кесілді кінәлайды. Стамбұлдағы қайырымсыз қатал оқиға өркениетті қоғамда аяусыз радикалды топтар мен олардың идеологиясына орын болмауы керек», - деп телеграммада айтылған.

Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы және өз атынан қаза тапқандар туыстар мен жақындарына және Түркияның бауырлас халқына көңіл білдіріп, жапа шеккендердің тез сауығуын тіледі.

Еліміздің ішкі саяси мекемелері де лаңкестікті мейірімсіз қылмыс деп атап, көңіл білдірді.

Сыртқы істер Министрлігінің хабарламасында: «Қазақстан Стамбұлда  2016 жылдың 28 маусымында орын алған террорлық лаңкестікті қатаң мінейді. Осы ауыр қазаның құрбандарының жақындары мен туыстарына, Түркияның бауырлас халқына, Түркия Үкіметіне көңіл айтамыз. Қазақстан терроризмнің кез келген түрімен ымырасыз күресте тағы да өзінің қолдауын білдіреді және бұл бағыттағы халықаралық шараларды одан әрі күшейтіп, соның ішінде кең халықаралық контреррористік желінің қалыптасуына ықпалдастық етеді», - деп көрсетілген.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде