{metadescription}
ҰҚК озық әрекеттері. Неге лаңкестер Рамазан айында қанды қырғын жасап жатыр?

ҰҚК озық әрекеттері. Неге лаңкестер Рамазан айында қанды қырғын жасап жатыр?

Профессор Избаиров экстремистердің неліктен өз «мүдделес ағайындарына» шабуыл жасайтынын және оларға қалай қарсы тұруға болатындығын айтты.

Қазақстан тәртіп сақтау органдары осы жолы Қарағанды облысында лаңкестік дайындап жатқан радикалдар тобын қолға түсірді. Ақпарат аз. Тек радикалдар облыс аумағында лаңкестіктер өткізуді жоспарлағаны ғана белгілі. Балқаш қаласына жақын орналасқан Гүлшат ауылында жүргізілген арнайы операциялар барысында болжам бойынша күдіктінің үйінің шатырының астында жарылғыш зат жарылды, бір адам қаза тапты. Күдікті мен ұсталғандарды ҰҚК өкілдері дәстүрлі емес діни ағымды ұстанушылар деп атады.

Стамбұл әуежайындағы жарылыстар тағы бар. Өздерін «мұсылманмын» деп атайтын экстремистер дін жолындағы өз бауырларын ең маңызды ай - Рамазанда құртып жатыр. Әлем неге бүлінді және осы оқиғаларды қалай санаға сыйғызуға болады? Көңілде түйткіл болған сұрақтарға танымал саясаттанушы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Асылбек Избаиров жауап берді.

Осы күнге дейін орын алған оқиғалардан кейін тәртіп сақтау органдары дұрыс шешімге келіп, Балқаштағы лаңкестік жағдайында алдын ала қажетті шараларды қолданды. Сондай-ақ Избаиров еліміздің батыс өңірінде көптеп шоғырланған террористер неліктен орталық аймақта белсенділік көрсеткеніне өз пікірін білдірді.

«Орталық Қазақстанда да радикалды топтардың барын біз атап көрсеткен едік, себебі біздің азаматтар Сириядағы ұрыс аймақтарына негізінен Қарағанды облысынан, Жезқазған және Сәтбаев қалаларынан көп кеткен.

Бұл жерде арнайы органдардың тиянақты жұмысын ерекше елеп кету керек. Егер олар болғалы тұрған лаңкестіктің алдын ала алса, демек, оларға белгілі бір белгі берілген. Бұл жағдайда арнайы органдар террористерден оза әрекет еткен. Ал адамның өз-өзін жарғаны -  оның осы, мүмкін басқа да әрекеттерге әзір болғандығы», - дейді саясаттанушы.

Стамбұл әуежайында орын алған лаңкестіктерден кейін Избаиров террористердің Қасиетті Рамазан айында қанды қырғын ұйымдастырғандарына қарағанда  мұсылмандардың осы айды ерекше ұлықтау сезімін сыйламайтындарына таңғалысын жасырмады. Оның пікірінше, олар ислам қағидаларын бұрыс ұстанып, оны қате түсінеді.

«Президент Реджеп Эрдоган орын алған қазалы оқиға қатысы барлар исламнан әлдеқайда теріс жолда және оны бұрыс қабылдайтындығын көрсетеді деп нақты айтқан болатын.

Түркиядағы жағдай келесі бір жайтты көсретеді: террористер үшін мұсылман елі немесе басқа дін ұстанғандар елі деген ұғым жоқ. Олар жауды алыс және жақын деп бөледі. Олар үшін жақын жау – сол мұсылман қауымы, ал алыс жау деп басқа дін өкілдерін біледі. Олардың тұжырымдамасы алыс жауды жеңуге негізделген. Алдымен олар жақын жауды тәртіпке келтіру керек деп ойлайды.

Бүгінде ислам әлемі үлкен сын-тегеурінге келіп тірелді. Бұл ислам әлемінде ойлау дағдарысы бар екендігін көрсетеді. Осыған байланысты ислам діні мамандарының алдында үлкен мәселе тұр: осы сынды қабылдау, баламасын жасау, шешу жолдарын табу және қиындыққа лайықты төтеп беру», - деп қорытындылады Избаиров.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде