{metadescription}
Еліміздің  күш-қуаты әлсізденіп барады

Еліміздің күш-қуаты әлсізденіп барады

Сарапшылар сыбайлас жемқорлыққа белшесінен батып, мемлекеттік меншікті май-шелпекке айналдырған Қорғаныс министрлігінің подполковнигі Тілеміс Жанқазиевтің шатағына қатысты пікір айтты.

Естеріңізге сала кетсек, осы аптада Қорғаныс министрлігінде жемқорлық дауы шыққан болатын. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қорғанысқа бөлінген бюджет қаржысын талан-таражға салумен айналысқан, яғни ҚР Қорғаныс министрлігінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету бас басқармасы бастығының орынбасары Тілеміс Жанқазиевтің 20 миллион теңге ұрламақ болған жерінде қолына кісен салған. ҰҚК әскери қарсы барлау қызметкерлері қазақстандық армияның аға офицерінің пара алып жатқан жерінде құрықтады. Алдын ала болжам бойынша, қылмыстық топқа Қорғаныс министрлігінің басқа да жоғары қызметкерлері, сондай-ақ қаржы министрлігінің қызметкерлері кіреді.

Отставкадағы генерал-майор, «Генералдар кеңесі» РҚБ төрағасының орынбасары Махмұт Телеғұсов КТК арнасына қорғаныстағы қолының ұрлығы бар шенеуніктердің жемқорлық схемасы туралы айтып берді.

«Мен  2005 жылы аэромобиль әскери қолбасшысының орынбасары қызметінде жүрген кезімде осыған ұқсас сыбайлас жемқорлық схемаларын әшкерелегенмін. Бұл схема не болса соны сатып алуға бағытталған. Бастысы, пара алу-беруде және сенімді жеткізіп беруші адамың болуы қажет. Осылайша сатып алынған техника ешбір жерде сынақтан өткізілмеген. Бұның бәрін әдетте ҚР ҚМ Ортиалық аппаратының жоғары шендісі және әскери қолбасшы ұйымдастырады. Олар қаржыгерлерді, қол астындағыларды, бастысы – материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасын жұмылдырып, компания басшыларымен қылмыстық байланысқа шығады. Ал компания басшылары  солармен кезінде бірге әскери қызметін өтегендер. Олар ҚМ азаматына бұл ең заманауи қару, әлемдік ғылымның жетістігі деп ұсынып, сатып алуға жол ашады. Ал  расында да жақсы техника, қарулар, жөндеу қызметін ұсынған компаниялар шеттетіліп қалынады.

2008 жылы Есеп комитетінде жұмыс істедім. Ол жерде әскери бюджеттің 30 пайызы талан-таражға түсіп жатқанын құжаттар негізінде дәлелдеп бердім. 30 пайызы тиімсіз жұмсалуда, яғни менің әріптестерім арқылы әлемдік стандартқа сай келмейтін әскери техника сатып алынуда. Қару күштердің дамуына 50 миллиард теңге зиян келтірілді. Бұл сомаға қазіргі скери шиеленістерге қажетті озық үлгідегің әскери техникалар алуға болады», - деді Телеғұсов.

«БАҚ подполковник Жанқазиев сыбайлас жемқорлық схема ұйымдастырды, оған Қорғаныс министрлігіндегі шенділерді тартты деп жазып жатыр. Былжырақ! Қалай ғана полковник Қорғаныс министрінің орынбасарын немесе қаржы министрінің мамандарын қылмысқа тартады?! Ондай ешқашан болған емес! Демек, жоғарыда отырған біреу осыны басқарып отыр. Өзі ұйымдастырып, ал мынау – жасанды тұлға. Сол кезде, 2007 жылы тиімсіз жұмсалған  50 миллиард теңгеге қатысты қылмыстық іс қозғалғанда тек делдалдар мен орындаушылар ғана сотталған.  Ұйымдастырушылар, тапсырыс берушілер жоғары қызметте отыр, олар аталмыш схеманы сақтап қалды. Оларға әлі де бірде-бір министр и ие бола алмай келеді. Олар ойда-жоқта ел патриоты болып кетті дегенге сенбеймін.  Міне, менің мекемемде тоқтаусыз жүріп жатқан жемқорлық шатақтың себебі осы», - деді  генерал-майор.

Бұндай атышулы жемқорлықтан кейін Қарулы күштерде жаппай тазарту жүргізіле ме?

 «Былтыр ҚР Қарулы күштерінің қызметкерлері арасында аттестация жүргізілген болатын. Сол кезде Қорғаныс министрлігін, бірінші кезекте, олардың ату, жүргізу, дастарқан жаю шеберлігін тексеруден бұрын, жемқорлардан, пара алушылардан тазарту керек еді. Осыған бағытталуы қажет болатын. Әскери мекеменің басшылары сол аттестацияны мықты тазарту жүргізіп, пайдаланып қалуы керек еді. Алайда ол  іске асырылмады.

Сондай-ақ, Генералдар кеңесі сонау 2010 жылы әскерилер сатып-сатып алумен айналысуына тыйым салынсын деп ұсынған. Әскерилер соғысқа дайындалумен айналысуы керек, олар коммерсант, саудагер емес. Сол себепті біз Қарулы күштер, ІІМ, ҰҚК, ТЖМ, Ұлттық гвардия, шекара қызметіндегі сату/сатып алу қызметін ҚР Үкіметінің бөлек органына беруді ұсынғанбыз. Үкімет жанындағы бөлек басқарма аталмыш құрылымдардың тапсырысымен қажетті мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырғаны дұрыс еді. Сонда әскери-техникалық комиссия сатып алу кезінде құрал-жабдықтарды тексеріп отырушы еді. Ал әскерилер өзіне жаман техника алмайды. Қазір материалдық мүддені көздеп отыр, сондықтан жемқорлық тыйылады деу қиын», - деді Телеғусов.

 «Мәселе мында: Қарулы күштер жыл сайын дамып, күш-қуаты артуы тиіс. Аталмыш жемқорлық әрекеттер еліміздің қауіпсіздігін нұқсан келтіреді. Неге екенін белгісіз, бұл қылмыстар сотта ұрлық, қымқыру, алаяқтық деп қаралады. Бұл жерде елдің  қорғаныс қабілетінің беделіне нұқсан келтірілуде. Сол себепті Қылмыстық кодекске қорғаныс қабілетінің арын төкті, беделін түсірді, мемлекет мүддесін сатты деген түзетулер енгізілуі тиіс.  

Әскерилер өз міндетін адал атқаруға ант береді. Осындай генерал, полковник және подполковниктердің кесірінен келесі ұрпаққа ескі техникамен әлсіз армия беріледі», - деп қорытты Телеғусов.

Саясаттанушы ғалым Байтұқ:

 «ҚР Қорғаныс министрлігінде шатақтар жиі болады. 2013 жылы құралдандыру бас басқармасының басшысы, генерал-майор Алмаз Әсеновті тұтқындағаны естеріңізде болар. Бұрынғы Үкімет басшысы Серік  Ахметовтің мәселесін де Қорғаныс министрлігінде қызмет етіп жүрген кезімен байланыстырған.  Қорғаныс министрлігі – еліміздің осал тұсы. Онда қалай тәртіп орнату қазір биліктің бас ауруына айналған тәрізді. Әскери адамдар тәуекелге бейімді, олар ірі сома жеуден тайынбайды.

Сол оқиғадан кейін бірқатар тазартулар жүргізілуі мүмкін.  Подполковник Жанқазиев ол жерде 2013 жылдан бері жұмыс істейді. Сондықтан бұл жаңа басшылықтың жіберген қателігі. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасына құрал-жабдықтардан бастап, сарбаздарды тамақтандыруға дейін кіреді. Бұл басқармадағы ұрлық әрекеттер еліміздің қорғанысына қауіп тудырып отырғаны анық», - деді саясаттанушы.

Армиядағы сыбайлас жемқорлықты жою үшін ҰҚК үлкен тексеру жүргізіп, Бас прокуратура және Әскери тергеу  комитетінен соңғы 10 жыл ішінде қозғалған қылмыстық істен бас тарту істеріне сауал жолданылуы қажет. Жемқорлық фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс неге жабылды - егжей-тегжейлі тексерілуі тиіс. Бұл іс-шараны Қорғаныс министрлігіндегі басшылар қолдауы қажет. Бұл өзге  офицерлер үшін үлкен сабақ және ескерту болады. Іс жүзінде сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтың ескіру мерзімі жоқ. Жазаның қолданылмай қалмайтындығы жұмыс істеп тұр. Заңның ұлықтылығы үстемдікте.   

Кеше

02 қаңтар

01 қаңтар

31 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде