Мектепке ата-ананың табысы туралы ақпараттың қажеті қанша?
Сынып жетекшілерге оқушылардың ата-анасы қандай ақпаратты беруі міндетті екендігі,ал қандайын бермеу жөнінде Алматы қаласының тұрғындарына түсіндірді.
Автор: Заира Сабитова
Қазақстанда мұғалімдердің ата-аналарға жиі сауалнама толтыруды сұрауы олардың ашуына тиетін көрінеді. Ата-аналардың айтуы бойынша мұғалімдерді тек біздің қайда тұратынымыз, қайда жұмыс жасаймыз, және айлық жалақымыздың мөлшері қанша екндігі ғана қызықтырады деп отыр. Онымен қоса,кейбір сауалнамаларда баланың жеке бөлмесі бар ма, және өз үйіңізде ме,немесе жалдамалы пәтерде тұрасыздарма деген сұрақ жиі келетін көрінеді. Осының бәрі қала тұрғындарының ашуына тиіп,ыңғайсыз жағдайға қалып қоятындарын да жасырмады.
Халық үні
Алматы қаласының тұрғыны біздің редакциямызға хабарласып, өкіметтен мектепке қандай мәліметтерді беруге,қандайын жасырын қалдыруға болатынын біліп беруімізді өтінді. Және,өзі жасырын қалуды сұрады:
«Оларға біздің телефон нөміріміз,мекен жайымыз керек екенін түсінемін. Бірақ,менің қай жерде кім болып жұмыс жасайтынымның,жағдайымыз орташа ма, жоқ жақсы табыс табамыз ба,оларға қатысы не? Сұрақ-не үшін? Ақша жинау тұралы айтпай-ақ қояйын. Ол онсыз да бәріне белгілі ғой. Ата-аналардың артын аңдудың орнына балаларымыздың сабағына көңіл бөлсін», - деді.
Тек жалғыз осы кісі ғана емес,көптеген ата-аналар да осы пікірге қосылады. Бірақ, ашуланып, талқылап қоя саған бір бөлек, елдің алдына жасырмай ашық жария ету бір бөлек. Міне басқа да ата-аналардың пікірлері:
«Менің ойымша,сауалнама толтыру ақылға кірмейтін іс. Мен бұл сауалнамадағы сұрақтар мектепке түк қатысы жоқ деп есептеймін. Арасында қаржылық көмек тұралы да сұрақтар болды. Біздің жыл сайын мектеп ремонтына,терезе пердесіне дейін ақша жинайтынымыздың өзі ақ мектепке бөлінген қаржылық көмек деп түсінемін», - деп Зарина Сыдық атап өтті.
«Егер бір жағдайлар тұындаса, тек телефон нөмірі арқылы тауып алуға болады, бірақ ата-ананың жұмыс орнын сұрағанымен,керек кезде ұстаздар сол жерге бәрі бір бармайды ғой. Оның орнына егер беделді қызмет атқаратын болсаңыз мектептен көмек сұраймыз деп айтқандары жөн», - деп қаламыздың тағы бір тұрғыны Елена Ломаева қосып қойды.
Жауапты органдар
Ата-аналар тұралы деректерді жинаудың мақсаты неде екенін Әуезов ауданының білім беру бөлімінің басшысы Гулнар Ходжабергенова былай деп түсіндірді:
«Сынып жұрналының соңғы беттерінде оқушылардың ата-аналары тұралы ақпарат жазылатын арнайы орын бар. Бұл бетте ата-ананың аты-жөндері,содан соң тұрғылықты мекен-жайлары,жұмыс орны,және ата-аналары кім болып қызмет жасайтындығы тұралы,және телефон нөмірлері тұралы ақпарат жазылып тұрады. Сынып жұрналы мемлекет бекіткен қатаң түрдегі құжат болып есептеледі. Мұндай жеке деректер 1-сыныптан 11-сынып аралығында міндетті түрде толтырылуы тиіс», - деп түсіндірді ол.
Ал ата-аналардан олардың жалдамалы пәтер ме,жоқ жеке меншік үйде тұрама,ол жағын білім басқармасы сұрамайды деп Г. Ходжабергенова атап өтті. Алайда, статистика бойынша,ата-аналардың қалалық тіркеуде бар ма,жоқ па, білім басқармасының білуі қажет. Сондай ақ,қандай жағдайда баланың жеке бөлмесі бар ма,жоқ па деп сұрайтын мектептерді де атап өтті.
«Көбінесе,бізге көптеген органдардан хабарласып жатады,олардың ішінде сот органдарынан анықтама сұрап жатады. Қамқорсыз қалған балаларды өз қамқорлығына алған ата-аналардың құжаттарын толтырғанда міндетті түрде әлеуметтік педагог немесе мектеп өкілеттілігінен бала тұратын үй немесе пәтерге барып,бала қандай жағдайда тұратынын бақылайды. Сондай жағдайда ғана ата-аналардан бала жақсы жағдайда сабағын оқи алатындай,соның ішінде жеке бөлмесі,сабақ оқитын үстелі бар ма, қай уақытта ұйқыға жататынын сұрап талап етүге біз міндеттіміз. Осындай отбасыларға рейд жүргізу барысында бала мүлде қамқорсыз қалып жатқанын көріп жатамыз. Тек полиция қызметкерлері,немесе қамқоршылық және қорғаншылық органдары бізден талап еткен жағдайда ғана бұл сауалнамалар қойылады», - деп атап өтті.
Сондай-ақ, ата-аналардың жұмысы жөнінде ақпарат не үшін керек деген сұраққа Гүлнар Ходжабегенова былай деп жауап берді:
«Мектепте түрлі жағдайлар бар. Бұл қарапайым мысал - екі жасөспірім төбелескен. Бізде мектеп полициясы бар. Бірақ олар ата-аналарының қатысуынсыз 14 жасқа дейінгі балаларды сұраққа алуға құқығы жоқ.. Сондықтан, осындай жағдайда біз шұғыл ата-аналарға хабарласуымыз керек. Немесе, айталық, бала ауырып қалды. Біз баланы ауруханаға апарамыз,және де,сол жағдайда да ата-аналарға хабарлауымыз міндетті. Егер біз ұялы телефондарына хабарласа алмасақ,жұмыс орнына хабарласып, басшылардан қол астындағы қызметкерлерін тауып беруін сұраймыз. Кей кезде баланың туысқандарының телефон нөмірлерін сұрап жатамыз,олардың ішінде ата-әжелері де бар. Солар арқылы ата-аналарды таба аламыз. Осындай жағдайларға байланысты ата-аналардың осындай анықтамалары біз үшін маңызды», - деді ол.
Тап осындай себептер бойынша мектепке олардың мекен-жайын білу қажет. Ходжабергенова түсіндіргендей,егер ата-аналардың телефондарына хабарласа алмаған жағдайда үйіне барып ескерту мақсатында мекен жай сұралады.
Ходжабергенова айтқандай,ата-аналардан мекен жайын,жұмыс орындарын талап еткенімен, олардың айлық табысын сұрау барлық ата аналардан талап етілмейді. Бұл ақпарат тек жағдайы төмен отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында ғана сұралады екен.
«Мысалы, бір отбасында анасы мен әкесі,және төрт бала. Егер ата-анасының айлық жалақысы алты адамды қамтамасыз етуге жететін болса,әлеуметтік көмек көрсетілмейді. Тағы да, мектептерде ата-ананың жұмыссыз екендігі тұралы, және жеке кәсіппен айналыспайтындығы жөнінде де анықтама талап етіледі. Ата-аналар осындай құжаттарды жинаған соң, мектеп комиссиясы балаға әлеуметтік көмек керек пе, жоқ па,соны шешеді. Егер керек болса, балаға тегін тамақ, канцелярия тауарлары беріледі. Ал жаз айында осындай балаларды жергілікті бюджеттің есебінен лагерлерге жібереміз. Тағы да, осының бәріне құжат талап етеміз. Құжатсыз біз балаларға жеңілдік ретінде көмек көрсете алмаймыз. Егер ата-аналар атаулы көмекке мұқтаж емеспіз деген жағдайда толықтай көмектен бас тартуға құқығы бар. Егер мектеп сұратқан ақпараттар ата-аналарға түсініксіз,немесе ондай ақпарат таратқысы келмеген жағдайда мектеп директорына жолығып,осы мәселе жөнінде сөйлесе алады. Егер директор мәселені шеше алмай, ата-ана қалаған жауапқа қол жеткізбеген күнде облыстық білім басқармасы бар. Әр мектептің кіре берісінде арнайы тақтада біздің телефон нөмірлеріміз ілініп тұрады. Және бұл тақтада ақпараттың бәрі анық жазылған. Егер де,ата-ана қалаған шешімді біз қабылдамаған күнде білім басқармасы бар. Бірақ,осы күнге деййін бізде ондай жағдай болған жоқ. Егер ата-ана бізге жолықса,біз мәселенің анығына жетуге тырысамыз», - деп түсіндірді.
Бұл дәлелдер өте қонымды көрінеді. Баланың отбасы жайында ақпарат сұрауы мұғалімдердің кімге көмек қажет екенін білу үшін өте ыңғайлы. Ал егер мектеп өкілдері шектен шығып жатса,сенімді түрде қойылған сұрақтарына бас тартып,артық кетудің арты жақсылыққа апармайтынын түсіндірген жөн.