{metadescription}
Қазақ халқы не нәрсеге қатал қараған?

Қазақ халқы не нәрсеге қатал қараған?

Қазақ халқы ұлт болып қалыптасқаннан бері екі нәрсеге баса, қатал қараған.Осы жерде біз қазақтың игі жақсыларының ұлтымыздың әдет-ғұрпына, болмысына, жанұясындағы тәрбие мен қарым-қатынасына қатысты жеке пікірін беруді жөн санадық.

Мұның бірі – тіл. Ойды бұзбай, мақал-мәтелді араластырмай, ақыл-нақылды қоспай, күлтелемей сөйлейтін қазақ кемде-кем.

Екіншісі – әдет-ғұрып. Қазіргі жастардың бұдан жүген ұстап жүргендері аз. Кейбірі ата-салттың әлібі мен биін де білмейді. Енді осы екіншінің құлағын шулатайық.

Әже, ана, қыз, әпке, тәте, қарындас, сіңлі... Жазушы, драматург Дулат Исабековтің атақты «Әпке» романын оқыған боларсыздар. Осы шығармасы туралы автор былай деген еді: 

«Әпке» - өмірдің шындығын көркем шындыққа айналдыра білген шығарма  болған шығар. Әпкелердің қамқорлығының арқасында адам болдық. Екі әпкемнің екеуі де бізді далада қалып қалмасын деп ағамды үйлендірген соң кетті. Сонда әпкемді күйеуі «Әй, қайтпайсың ба, біз де жүнжіп кеттік, биттеп-құрттап кеттік, бізде де бала-шаға бар ғой» деп іздеп келгенде, әпкемнің айтқаны: «Әй, қақсамай кете бер, бала-шағаны өзің бақ, маған баладан гөрі бауыр қымбат, енді бауыр тауып беретін әкеміз де, шешеміз де жоқ» - деген еді. Осындай сөзді айта ала ма қазіргілер? Осыдан кейін қалай әпке туралы жазбасқа?» - дейді жазушы.

Зейнеп Ахметова, жазушы, қазақтың біртуар қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлының келіні: 

«Анам айтатын: балам, күйеуіңді тұңғыш балаңдай бағып ал деп. Мен күлетінмін. Оны кейін түсіндім. Ер адам жасы 50-60-70-ке келсе де  ананың алақанын аңсап тұрады екен. «Ең үлкен тәрбие менің әжемнен бойыма сіңген» дейтін атам. «Ойпырмай, немересіне ертегі айтатын әжелер азайды. Осыдан қорқамын. Баласына бесік жырын айтатын келіндер азайды, осыдан қорқамын. Екі қазақ қазақша сөйлесуден қалып бара жатыр» деген еді атам жарықтық», - дейді Зейнеп апамыз.

Салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар отбасында қаншалықты сақталып келе жатыр?

«Тәрбие деген тек айтудан ғана емес, тәрбие – көрсетуден. Ақылы бар, кішкене санасы бар, саңылауы бар, тегі бар адам - көргенін істейді. Бәкеңнің жолдастары айтатын: ой, осы Алматыда бізге сәлем жасайтын осы жалғыз  Анар (келіні – ред.) деп. Менің сәлем жасағанымды көріп «құдайға шүкір»  дейтін. Сонау Димекеңнен бастап, қос Ғабең, қазақтың барлық марқасқаларына сәлем жасап, батасын алғанмын. Біздің үйдің тәрбиесі – балалармен дос болу. Қандай нәрсе болса да ашық айтамыз. Бірдеңені қате істеп қойса, ұрыспай, жәйлап түсіндіреміз», - деді Зейнеп Ахметова.  

Қазақстаннның халық жазушысы Шерхан Мұртаза:

«Анамыз Айшаның тәрбиесі кәдімгі жабайы қасқыр жау келіп қалғанда өзінің бөлтірігін  желкесінен ұстап алып қашады, тап солай суреттеуге болады.  Анамыз бізді солай бағып-қаққан. Бәледен, қауіп-қатерден солай қорғаған. Бізге өте мейірімді болды. Ал өмірде қатал еді».

Әкім Тарази, жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты:

«Сенің тағдырың - бақыт, достарың - бақыт, жанұяң – бақыт. Егер тағдыр сені азапқа түсіргісі келсе, жаман әйел берелді. Қорлықты көрсеткісі келсе, жаман бала береді. Ол сенің мінезіңе байланысты. Көзі тірісінде көрсін дейді. Азапты көзіңнің тірісінде береді. Өмірде көрген азабың – сенің тозағың».  

Өмір – өткен күндерің ғана емес. Өмір асылы есте қалған күндерің болса керек. Уақыт өткен сайын жылдар да жоғыңды іздетеді. Жасың ұлғайса да жоғалтқаныңды сағынбай тұра алмайсың. Қамшының сабындай қысқа  ғана өмірдің баянсыз екенін бала да біледі. Бірақ өтіп кетсе сұм жалғанның, басқа дәурен тұрмайтынын білген қиынның қиыны. Дегенмен адамның көңілі дәл баяғыдай, үнемі іздеуменен келеді. Ал әр адамның жанында ашылмай жатқан кені бар. Әр асылдың бір ауыз сөзін жадымызға сақтайық.   

 

Кеше

23 қараша

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде