{metadescription}
Ораза айт: тарихи қызықты дерек

Ораза айт: тарихи қызықты дерек

Ораза Айт мейрамына бірнеше күн қалды. Айтқа мұсылман жұрт түгел жиылып мерекеге арналған үгiт-насихатқа, өсиеттерге құлақ түретін болған.  

Аталмыш мұсылмандар мерекесіне қатысты журналист, діни-танымдық порталының бас редакторы Амантай Тойшыбайұлының  біздің арнаға берген сұқбатынан төмендегі төрт деректі жинақтап беруді жөн көрдік. 

1. 990-991 жылдары Бағдат қаласында Ораза айт мерекесіне арналып ұзындығы 150 метр дастарқан жайылып, тәттi тағамға толтырылып, халыққа ұсынылған.

Тәттi тағам жеудi Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өзі де ұнататын. Ол кісі ораза айтқа, ең болмағанда, бiр құрма жеп шығатын болған, - деп жазылады Ораза Айт мерекесі туралы жазбаларда, - дейді Амантай Тойшыбайұлы.

Айта кетсек, Түркия елінде «шекер» дейтiн тәттi тағам Ораза айтқа арналып дайындалады. Сондықтан да Рамазан айт мерекесiн олар тағамның атымен «шекер байрам» деп те атап кеткен.

2. Фатимиттер Ораза айтты «йд әл-Хуләл», яғни «киiм мерекесi» деп атапты.

Өйткенi халифа жұртты мерекемен құттықтау үшiн сарайдан мешiтке дейiн әдемi киiнген сарай нөкерлерiн жолдың екi жағына тұрғызып, өзi көздің жауын алатын киімімен жолмен жаяу баратын болған. Халифаның артында - керемет керуен, онда безендiрiлген пiл, оның үстiнде бiр сарбаз отыратын.

Аббасилер Х ғасырда Ислам мерекелерiн насихаттау үшiн, әсiресе Византияға көршiлес Тарсус және Аусым секiлдi қалаларда ислами мейрамдарды өте жоғарғы деңгейде өткiзiп отырған.

3. Халифа Әзиз Билләһтің (976-996) кезiнде «Дар әл-Фитра» деп аталатын тек тәттi тағамдар жасайтын асхананы ережеп айының ортасынан бастап iске қостыратын.

Ол асхана ораза iшiнде ауызашарға көптеген тапсырыстар орындапты. Айт намазынан кейiн халифа үлкен дастарқан жайып қонақ күткен.  

4. Халифа ұсынған дастарқанға Каирдағы басқа дiн өкiлдерi де шақырылған.

Яғни, Ораза айтта басқа дін және ұлт өкілдеріне де қонақжайлылық  көрсетіліп, құрмет көрсетілген, - дейді Амантай Тойшыбайұлы.

Демек, қандай жақсылық жасасақ та, Айт мерекесінде сауапты амалдарды шын ниетімізбен жасайық! 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде