{metadescription}
 Ай сайын жарна төлеуге қамданыңыз!

Ай сайын жарна төлеуге қамданыңыз!

Жұмыс істеп жүрген азаматтар, ай сайын жарна төлеуге дайынсыз ба?

Бүгінде елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (МӘМС) енгізіліп жатыр.

Мемлекеттің Қорға төлеуге жататын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарының мөлшері 2018 жылдың 1 қаңтарынан 3,75 пайыз деңгейінде, 2019 жылы 1 қаңтардан 4 пайыз мөлшерінде  ұсынылады.

2022 жылдың 1 қаңтарынан мемлекет жарнасының көлемі жыл сайын республикалық бюджет туралы заңымен тиісті қаржылық жылға бекітілетін болады.

Келесі жылдан бастап жаңа жүйе бойынша медициналық қызмет көрсетілмек.    

ДЕНСАУЛЫҒЫМЫЗ ҮШІН ҚАНША АҚША ТӨЛЕЙМІЗ?  

Жұмыс берушілердің сақтандыру аударымдары:

- 2017 ж. 1 шілдеден бастап 1% пайыз;

- 2018 ж. 1 қаңтардан – 1,5 %;

 - 2020 ж. 1 қаңтардан – 2%;

- 2022 ж. 1 қаңтардан  – 3%;

- Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың жарналары ең төменгі екі жалақыдан 5%.

Қарапайым сөзбен айтсақ, бұл бастықтардың шығыны. Ал жұмыскерлердің өзі (ресми):

- 2019 жылдан бастап жалақысынан - 1%;
- 2020 жылдан -  2% төлейді.

Мемлекет тарапынн МӘМС төленетін әлеуметтік жағынан  қорғалмаған топ:

Балалар, "Алтын алқа" мен "Күміс алқа" иегерлері, ардагерлер, зейнеткерлер, мүгедектер, күндізгі бөлімде оқитын студенттер, декреттік демалыста жүрген тұлғалар, жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелгендер, интернатта білім алатындар, уақытша немесе тергеу абақтысында отырғандар, жазасын түрмеде өтеп жүргендер.

Мемлекет төлейтін адамдар санатында 4 жаңа санатты қосу ұсынылды:

- Жұмыс істемейтін 18 жасқа дейін мүгедек балаға күтімді жүзеге асыратын азаматтар;
- Жұмыс істемейтін оралмандар;
- Қазақстан аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;
- Үш айдың ішінде орта техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі жоғары білім беру және жоғары білімнен кейін білім беру ұйымдарында оқуды аяқтаған адамдар;

Жақында әскери қызметшілерге, құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне және олардың отбасы мүшелеріне медициналық көмек көрсету тетігі ретке келтірілді.

Әрбір азамат жұмысы бар, я болмаса, соны растап  тіркеуге тұруы тиіс!

Азаматтар міндетті медициналық сақтандыру (ММС)  шеңберіндегі әлеуметтік мәртебесін  Egov порталында тексере алады. Ол үшін өзінің ЖСН-ін көрсету жеткілікті.

Әлеуметтік мәртебе:

1. «Жалдамалы жұмысшы»

2. «Әлеуметтік төлем алушы»

3. «18 жасқа дейінгі балалар»

4. «Өзін-өзі жұмыспен қамтушы ретінде тіркелген (ЖК, ШҚ)».

Егер азамат ЖК немесе жұмысшы ретінде тіркелмеген болса,  «Анықталмаған статус» деген хабарлама шығады.

 «Әлеуметтік төлем алушы», «18 жасқа дейінгі балалар» ретінде анықталған тұлғалар үшін ай сайынғы төлемдер мен аударымдарды Мемлекет өткізеді.

«Жалдамалы жұмысшы» мәртебесі бар тұлғалар үшін ай сайынғы төлемдер мен аударымдарды 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап жұмыс беруші өткізетін болады.

Ал  «Өзін-өзі жұмыспен қамтушы ретінде тіркелген (ЖК, ШҚ)»

2017 жылдың 1 шілдесінен бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне ай сайынғы төлемдер мен аударымдарды өздігінен өткізетін болады. Бұл ретте ай сайынғы төлемдер мөлшері ең төмен жалақының 2 еселенген мөлшерінің 5%-ын құрайды. 2017 жылы төлем мөлшері айына 2446 теңгені құрайды. 

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ПАКЕТТЕРІ

 1. Базалық пакет (мемлекеттік кепілдендірілген медициналық көмек ретінде) барлық азаматтар мен оралмандарға қолжетімді

Жедел жәрдем және санитарлық  авиация көмегі;
Әлеуметтік маңызы бар аурулар мен төтенше жағдайлардағы медициналық көмек;
Профилактикалық екпелер;
Амбулаторлық дәрілермен қамтылған амбулаторлық- емханалық көмек (2020 жылға дейін);

2. МӘМС жүйесіндегі медициналық қызмет пакеті (бұл қызмет түрлерін МӘМС қатысушылары ала алады) :

- Амбулаторлық-емханалық көмек (емханаларда емделу, дәрігерлердің қабылдауында болу, зертханалық қызмет түрлері, диагностика);

- Стационарлық көмек: жоспарлы түрде ауруханаларда емделу;

- Стационарлық көмек (күндізгі стационарда ем қабылдау);

- Жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсету;

- Дәрі-дәрмектер.

ҚАЙ ЖЕРДЕ ЕМДЕЛЕМІЗ?

Жоспарлы амбулаторлық-емханалық көмекті әр қазақстандық  тұрып (оқып, жұмыс істеп) жатқан  бекітілген жерінен алады – емхана, дәрігерлік амбулатория, отбасылық денсаулық орталықтары.  Ал стационар үшін бекітілудің қажеті жоқ!

Науқас жоспарлы түрде (жедел емес) ауруханаға жату үшін  өз емханасының дәрігерінен жолдама алуы тиіс. Жолдама ауруханаға жатқызу бюросының порталында тіркеледі. Медсақтандыруы төленген азамат  емделу үшін КЕЗ КЕЛГЕН АУРУХАНАНЫ ТАҢДАУҒА ҚҰҚЫЛЫ.  Жарна төлеген-төлемегенін дәрігерлер оның ЖСН-ен анықтайды.  Белгілі бір себептермен төлемеген адам дәрігер жолдаған ауруханаға жатқызылады.      

ЕСКЕРТУ: «Қиын-қыстау жағдайда науқас жедел жәрдем бригадасымен, санавиация көмегімен медициналық қызметкермен бірге стационарға жеткізіледі, я болмаса өздігімен келуіне болады».

Егер адам өзге елді-мекенде (іс-сапарда, қонақта және т.б.) жүргенде сырқаттанып қалса ше?

Ол жағдайда медсақтандыру жүйесінің қатысушысы ретінде жақын маңдағы КЕЗ КЕЛГЕН МЕДҰЙЫМНАН КӨМЕК алуға құқылы. Мұндай жағдайда ол азамат - медқызмет тұтынушы.  

МӘМС  Қазақстанның барлық аймақтарында қызмет көрсетеді. Ал жағдайы төмен немесе білікті дәрігері тапшы шалғай ауылдарда пациенттерді аудан/облыс орталықтарына жібереді. Сол жерде науқас қалалықтармен тең құқылы емделеді.   

ЕСКЕРТУҚазақстандық медсақтандыру жүйесі тек республика көлемінде ғана жұмыс істейді, яғни  шетелге шыққан қазақстандыққа көмектесе алмайды. Сондықтан шетелде жүрген қазақстандық сол жердің медицинасынан көмек күтеді. Оның шетелдегі емін біздің МӘМС жаба алмайды.   

АУЫР ДИАГНОЗ: науқастың қанша сома жинағаны маңызды емес.

МӘМС қоры ауыр науқастың емін төлейді. Нақтырақ айтсақ,  шығынды жауып береді. Қандай науқас, қанша ақша жұмсаса да! 

ҚР Денсаулық министрлігінің хабарлауынша, қымбат медқызметтің шығынына шектеу қойылмаған!

Жаңа тізімге ауыр науқастармен бірге сирек кездесетін ауру, мысалы, орфан бар.  Ол жаңартылған «Әлеуметтік маңызы бар және қоршаған ортаға қауіп тудыратын аурулар тізіміне» кіргізілуі мүмкін.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ШЕТЕЛДІКТЕР ҚАЛАЙ ЕМДЕЛЕДІ?

Ол әлеуметтік мәртебесіне байланысты. Мұнда ұзақ тұрып жатқан шетелдік азамат жарна төлеуі тиіс. Бұл жерде олар қазақстандықтармен тең құқылы. Ал ауруы асқынып, айналасындағыларға қауіп тудырған жағдайда   кепілдендірілген тегін медициналық көмек сұрауына болады.

ТМД азаматтарына ереже бөлек. Жедел медициналық көмек толық көлемде тегін деген КЕЛІСІМ бар.

ЖҮЙЕДЕН КІМ ЖӘНЕ ҚАЛАЙ ШЫҒАРЫЛАДЫ?

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінен 2 жағдайда шығарылады: адам қайтыс болғанда және тұрақты тұрғылықты жерін ауыстырғанда.  

ЕСКЕРТУДенсаулық сақтау министрлігі ескертеді, медициналық сақтандыру жүйесі жинақтаушы қор емес. Сондықтан адам шетелге көшіп кетсе немесе қайтыс болса, оның ақшасы туыстарына қайтарылмайды.

 

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде