Киіз үй туралы көп адам біле бермейтін дүние
Бұл киіз үйдің аты мен шаңырағынан басқаны білмейтіндер үшін. Киіз үйде қанша бұйым бар? Бүгінгілер бұны білсе, сөздігіне қосса, шекесін жармас.
Автор: Заира Сабитова
Киіз үйді тікесінен тік тұрғызатын:
Шаңырақ, күлдіреуіш, желқағар, желбау, түндік, үзік, туылдырық, уық, уық бау, шығырық, кереге, көк, торкөз, желкөз, уық басы, қанат, кіндік бау, желбақан, ергеншек, сүйек, кереге басы, басқұр, шынаш, төрт қанат, алты қанат, сегіз қанат, он қанат, уықтың қарымы, аша бақан, желқазық, тіреуіш, бақан, кереге қап, уық қап, киізесік, ағашесік, суағар, есікбау, сығынақ, тиек, белдеубау, маңдайша, табалдырық, таяныш, термебау, белдеу, желдірме, үзікбау, салма, түндікбау, мор, жоса...
Киіз үйге қажетті бұйымдар:
Ошақ, ас ши, асадал, қазан, қап, тұтқыш, табақ, қап, кебеже, жүкаяқ, откиіз, өре.
Осы заттардың бәрі киізден, жүннен, шиден, қайыстан, ағаштан жасалады. Қалай жасалады?
1. Киізден жасалатын бұйымдар:
Шымши, асши, ши, өре.
Шымшиды қалың шидің ішінен ұзындығы мен жуаны біркелкілерін кесіп әкеп аршиды. Бас-аяғын кесіп, екі басына тас байланған қызылды-жасылды жіппен кілем құсатып тоқиды. Шымши өте қиындықпен, шеберлікпен көз майын тауысып,бармақтардың басы қанағанда бітеді. Шымши керегенің сыртынан, сәнге, жылылыққа, мықтылыққа керек.
Ал өре көбінесе құрт кептіруге қажет. Әр шидің арасын бөліп, қосатын жіп біркелкі келеді де, арасынан құртты кептіретін саңылау қалып отырады. Мұндай есеппен, дәлдікпен жасалынбаған нәрсеге құртты кептірсе,асты көгеріп, құрттап кетеді. Қазіргі ауылдағы құрттардың оңбай жүргені деосы өренің жоқтығынан.
Ас ши мен есік ши де тоқылады. Есік ши жаңбыр суын киізге сіңірмей ағызады. Асши босаға жақтағы ыдыс-аяқты, әйелді төрдегілерге көрсетпейді.
2. Ағаштан жасалатын бұйымдар:
Шымыр- шұбар, ұзын біркелкі талды таңдап әкеп, кептіріп, қабығын алып, тезге сап түзетеді. Иеді, қарым салады. Жолын ыңғуырлайды, теседі, көк өткізеді. Керегені не торкөз, не желкөз ғып есептейді. Керегенің басын уық санымен дәлдейді. Шаңырақтың көздерін уық басымен үйлестіреді.
Ойлап көріңіз, өлшейтін не кезі, не метрі жоқ қазақтың бәрін қалай дұрыс шығаратыны керемет! Бұнда әлгі сантиметр, миллиметр дегендердің бәрі тек көзбен, мөлшермен болады. Әр ағаш бір-бірімен қайыс арқылы бекітіледі.
Киіз үйдің ағаштан жасалынатын саймандарын кезкелген адам жасай алмайды. Оны үйші делінетін маман ғана жасайды. Үй көтеретіндер оған бір жыл бұрын тапсырады. Ол асықпай-саспай жұмысын тоғай аралаудан, жоса әкелуден бастайды.
Ал атақты бай, бек мырзалардың үйінің салтанаты мүлдем басқа. Олардыңағаштары алтын-күміс, мәуіті – жібек,асыл моншақтармен, қымбат тастармен әшекелейленген. Кередегі әр көктің басы құйма алтынмен, күміспен зерленген. Бұлардың бәрі жібек, ұштары алтын қоңырауменшашақты, күлтелілі, тұтасымен қызылды-жасылды мәуітімен, пүлішпен қапталған. Киіздер ішінен де, сыртынан да асыл матамен көмкерілген. Демек, киіз үйдің сүйегін жасауға үйші ғана емес, зергер де араласты деген сөз. Үйшілер мен зергерлер мұндай салтанатты орданы дайындаған ақысына үйірлі жылқы, қоралы қой алған.
3. Киіз үйді пайдалану
Киіз үй ең алдымен көші-қонға қолайлы етіп жасалынған. Жығып-жисаң жалғыз-ақтүйенің жүгі. Түйеге жүйе-жүйесімен ыңғайланған жүк орны-орнына қойыла салады. Бірақ ауыстырып алсаң пәлеге қаласың. Тіршілігінің бәрін жаугершіліктің кесірінен тездікке, дәлдікке, қолайлылыққа бейімдеген халық аяқ астынан жау келе қалса, алқам-салқам жатқан етегін тез жиып, қас қаққанша бел асып кететін. Әлгінде ғана көрген ауылыңның жер ошақтарында түтіні бұрқырап жұрты ғана жатады.
Киіз үйді жығу, арту мұндайда өте оңай.Қауіп-қатерден іштей сақтанып жүретін қазақ әр керегенің, теңнің қай түйеге артылатынын алдын ала есептеп қойған.
Ал киіз үйді тігу өте оңай. Екі-үш әйел шай қайнатымда керегесін керіп, уығын шаншып, шаңырағын көтеріп, түндігі мен үздігін, туырлығын жауып дайындай салады. Бұл дүниеде бұдан тез дайындалатын баспана жоқ.
Әдеттегі киіз үйлерді қарапайым адамдар пайдаланғанда төріне жүк жияды. Оң жақта үй иесінің, солжақта келіннің төсегі болады. Төрге көбінесе от киіз төселеді. Оң жақтағы ыдыс-аяқ шимен қоршалады. Босағадағы кереге басына қайыс, айыл-тұрман ілінеді. Мұны келген балаларға тамақ пысқанша уқалатып алу үшін оңай жерге әдейі қояды. Отбасындағы киіз үйдің астында ій жағылған тері жатады. Бос отырғысы келмеген бәйбіше,не басқа біреу бос уақытында уқалай отыруы керек. Киіз үйді ыстап қалмау үшін түндіктің жел жағын ауыстырып отыру қажет. Бұлүшін бір сырық дайын тұрады.
Бұл мағлұматтарды біз "Бабалар дәстүрі" кітабынан алдық.Жалпы, киіз үй туралы мәліметтер көп болғанымен, нақты және дұрыс, кеңірек қамтылған материалды жазушы, журналист, этнограф Әлимә Ысқақтың жазбаларынан оқуға болады. Өкініштісі, ол кісінің өз қолымен бірнеше жыл тірнектеп жазған қолжазбалары күні-бүгінге дейін кітап болып басылмай жатыр.
Әлимә Ысқақ, этнограф:
- Қазақтың ең алғаш киіз үйі «көтерме туырлықты үй»дейді. Ерекшелігі – туырлықтың қарақасы шаңыраққадейін жетіп тұрады.Байлар үзікті киізүйлер тіктіретін. Қазір негізінен сән-салтанатқа үзікті үйлер көп қолданылады. Үзікті үйдің өзі «а қүй», «ақ бозүй», «қоңыр үй», «отау үй»болып бөлінеді. Оның тағы қосымша қонақ күтетін, асдайындайтын қосалқы үйлері тағы болады.Қоңыр үй немесе қараша үй үй кедей отбасыларға арналса, алжұлым үйлерде өте кедей отбасылар тұрады. Көші-қон кезінде қос, итарқа, тоңқайма, шошайма, жалпа, т.б. үйлердің түрі қолданылған.
Қазақтың киіз үйі әрі қолайлы, әрі тез пайдаланылатын баспана. Бұның келешегі шексіз! Киіз үйді жоғалту, өзгерту мүмкін емес.
Әлимә Ысқақ, этнограф:
- Киіз үй туралы бірнеше кітап жазсақ та аздық етеді. Жұртқа түсінікті болуы үшін киіз үй макетін жасап, құрылыстарын, ішкі-сыртқы жабдықтарын қамтып жұмбақтар жазып шықтым. Ол «Ақ отау жұмбақтары» деген кітап болып әзірленді. Бірақ әлі жарық көрген жоқ.
Әлимә әже қазақтың киіз үйі жөнінде 1000 бетке тарта түпнұсқалық материалдары, 800 данадан астам фотосуреттері бар кітап әзірлегенін айтады. Ұзақ жылғы еңбегінің материалдары өте құнды. Әттеген-айы, бұл кітабының басылып шығып, оқырманға жетуі қиын болып отыр. Осыған демеушілер табылып жатса құба-құп болар еді.
Пайдаланылған әдебиет: А.Жүнісов "Бабалар дәстүрі". (Алматы - 1992 жыл)
ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ: Әр күннің несібесі бұйырсын десеңіз...
Ерсайын Ерқожа: «Өзінің ата-тегін дұрыс жаза алмайтын мектеп директорлары бар»
"Көріпкел" көп нәрсеге көзімді ашты
Әлеуметтік желідегі сөздері үшін сотталғандар
КТК арнасын тамашалаудың 22 себебі бар!
КТК арнасы әділетсіздіктен қажыған жандардың тауқыметін шешуді өз қолына алды!
Ерланби Дәулетияр: «Ішкі мазмұны келіспеген адам эфирде сүйкімді көріне алмайды»
Асыл Махмет: жаңалық жүргізгенде көз алдымда ауылымның адамдары тұрады
Серік Жанболат: біреудің жазып берген дүниесімен эфирге шығып көрмеппін