{metadescription}
Сыбайлас жемқорлық туралы сіз білуге тиіс мәлімет

Сыбайлас жемқорлық туралы сіз білуге тиіс мәлімет

Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықтың негізгі түрлері:

Корпоративті сыбайлас жемқорлық – капиталдың елден шығарылуы, салық төлеуден жалтару, кәсіпкерлігін жүргізу үшін шенеуніктерге пара беру, үстемақы алу үшін монополиялық жағдайды пайдалану, келісім, сараптама мен сертификат алу үшін пара беру.

Саяси сыбайлас жемқорлық – ақша алып, мемлекеттік сатып алудың бюджеттік қаржысын заңсыз бөлу, түрлі мемлекеттік қызметтердің орындалуын тездету үшін пара алу, түрлі заңбұзушылықтарды жасыру үшін ақша бопсалау, қаржының депозит не облигация ретінде қаржы ұйымдарына жіберілуі, инвесторларға заңсыз түрде қолайлы жағдай жасау.

Тұрмыстық сыбайлас жемқорлық – түрлі әлеуметтік жеңілдіктер мен қызмет үшін тұрғындардан пара алу, заңның бұзылуын жасыру, түрлі рұқсатнамалар алу.

Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа жататын қылмыс:

- қызмет орнын, өкілеттігін пайдалану;

- билігін не қызмет өкілеттігін пайдалану;

- лауазымды тұлғаның өкілеттігін пайдалану;

- заңсыз түрде кәсіпкерлікпен айналысу;

- заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі болу;

- пара алу;

- пара беру;

- бопсалауда арада жүру;

- қызмет орнында алдау;

- қызмет орнындағы әрекетсіздік;

- немқұрайлылық.

Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасағандар үшін ескі мерзім болмайды, шартты түрде сотталуға тыйым салынған, өмір бойы мемлекеттік қызметпен айналысуға тыйым салынады. Жыл сайын мыңдаған адам (шенеуніктер де, азаматтар да) сыбайлас жемқорлықпен айналысқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Ең жоғары деңгейдегі шенеуніктер де, тіпті министрлер мен облыс әкімдері де сыбайлас жемқорлықпен айналысқаны үшін қамауға алынып, сотталады.

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа қылмыстық кодекске, сонымен қатар сыбайлас жемқорлық саласына қатысты да өзгерістер енгізілген.

361 Қызмет орнын пайдалану 2000 АЕК дейінгі айып / 4-8 жылға бас бостандығынан айыру

362 Билігі мен қызмет орнын асыра пайдалану 3000 АЕК дейінгі айып / 5-10 жылға бас бостандығынан айыру

363 Лауазымды тұлғаның өкілеттігін иелену 2000 АЕК дейінгі айып / 75 тәулікке қамалу

Заңсыз түрде кәсіпкерлік қызметке араласу 1000 АЕК дейінгі айып / 4 жылға бас бостандығынан айыру

365 Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі болу 2000 АЕК дейінгі айып / 3-7 жылға бас бостандығынан айыру

366 Пара алу 50 пара көлеміндегі айып / 10-15 жылға бас бостандығынан айыру

367 Пара беру 20 пара көлеміндегі айып / 10-15 жылға бас бостандығынан айыру

368 Бопсалауда арада жүру 10 пара көлеміндегі айып / 6 жылға бас бостандығынан айыру

369 Қызмет орнында алдау 2000 АЕК дейінгі айып / 3-6 жылға бас бостандығынан айыру

370 Қызмет орнындағы әрекетсіздік 2000 АЕК дейінгі айып / 4-8 жылға бас бостандығынан айыру

371 Немқұрайлдылық 1000 АЕК дейінгі айып / 5 жылға бас бостандығынан айыру

Назар аударыңыз! Егер сіз қандай да бір ұйым, мекемеде жемқорлық, бопсалаушылық, пара алу, пара беру және т.б. сыбайлас жемқорлық көрінісіне тап болсаңыз, бұл проблемаға немқұрайлы қарамаңыз. ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросының орталығына хабарласыңыз:

1424 (қоңырау шалу тегін), +7 (7172) 90-92-60, факс: +7 (7172) 90-91-73, E-пошта: anticorruption@nab.gov.kz.

 

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ: Әр күннің несібесі бұйырсын десеңіз...

Ерсайын Ерқожа: «Өзінің ата-тегін дұрыс жаза алмайтын мектеп директорлары бар»

Киіз үй туралы көп адам біле бермейтін дүние

"Көріпкел" көп нәрсеге көзімді ашты

Әлеуметтік желідегі сөздері үшін сотталғандар

КТК арнасын тамашалаудың 22 себебі бар!

КТК арнасы әділетсіздіктен қажыған жандардың тауқыметін шешуді өз қолына алды!

Ерланби Дәулетияр: «Ішкі мазмұны келіспеген адам эфирде сүйкімді көріне алмайды»

Асыл Махмет: жаңалық жүргізгенде көз алдымда ауылымның адамдары тұрады

Серік Жанболат: біреудің жазып берген дүниесімен эфирге шығып көрмеппін

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде